Сабақ жоспары (ұмж): Программаны тестілеу 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Программаны тестілеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: өз программасына тестілеу жоспарын құру
тәжірибелік (дұрыс / қате) мәліметтер көмегімен алгоритмді тексеру
программа кодына анализ жасау
трассировка кестесін толтыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
• Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
• Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану
Сабақ мақсаттары: VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатын түсінеді, негізгі бағыттарын анықтап бағалайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы(3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алғашқы қауымдық қоғам оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | БУМЫН ҚАҒАН

Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XV-XVII ғасырдағы Қазақ халқының жағдайы

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған.
XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ағзадардың өсу мен даму үдерістері (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4.D Өсу және даму
Сабақ тақырыбы: Ағзадардың өсу мен даму үдерістері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.1ағзадардың өсу мен даму үдерістерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Өсімдіктер мен жануарлардың өсу мен даму үдерістерін сипаттайды.
Адамның өсу мен даму үдерістерінің кезеңдерін анықтайды.
Тірі ағзалардағы өсу мен даму арасындағы айырмашылықты түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Менструалдық цикл. Менструалдық циклде жыныс гормондарының рөлі (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Менструалдық цикл. Менструалдық циклде жыныс гормондарының рөлі
Оқыту мақсаты: 9.2.1.3 менструалдық цикл және экстроген мен прогестерон рөлін сипаттау
Сабақ мақсаты: менструалдық цикл мен экстроген және прогестерон рөлін сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
Рефераттар
Толық
0 0