Сабақ жоспары (ұмж): «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: «Ұлы Дала өркениеті
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 1-сабақ
Оқу мақсаты: 10.1.2.1 картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау;
10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын аңық,толық жеткізе білуге баулу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі түріктердің жазуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы 3-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары:
Көне түркі ескерткіштерінің ашылу тарихын біледі;
Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ
Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақ мақсаттары: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Француз ревалюциясы және оның тарихнама

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі тарихи даму бағытында тарихнамалық дүниеге мол көңіл бөлінуде. Жалпы тарихи ойдың дамуы жөніндегі ой- пікірлер қай тарихшыны болмасын елеңдеттетіні анық. Ең алғашқы уақытта өзіндік ғылым ретінде танылмаған және белгіленген мамандардың қарауында болмаған тарих, бүгінде ауқымды дүниесімен, барлық ғылымдардан еш бір қалыс қалмайтындай дәрежеге жетіп отыр. Тарихи ілімдердің ішіндегі әліде аз талданып, әліде қарастыруларды талап ететін бөлім тарихнамалық ілімі болып табылады. Бұл орайда жекеленген мемлекеттердің тарихнамасы немесе жекеленген кезеңдердің тарихнамалық даму бағыты, сонымен қатар қандайда бір оқиға кезіндегі тарихи ойдың даму жағдайын қарастыру үлкен талқылауларды және ерекше зерттеулерді талап етіп отыр. Сондықтан тарихнамалық даму бағытын үлкен талқылаулардан және ерекше сараптаудан өткізген қандай да бір жұмыс болмасын бағалы және тарих ғылымының дамуында ерекше орынды иемденетіні сөзсіз. Жалпы тарих ғылымының айналымында өзіндік ерекше орынды иемденетін, маңызын ешқашанда жоғалтпайтын, қай заманда болмасын қайта қарастырудан шықпайтын тақырыптар мол. Осындай тарих айналымында ерекше орынды иемденетін тақырыптардың бірі Ұлы Француз буржуазиялық революциясы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.2 - тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
Сабақ мақсаты: Тарихи кезеңдердегі рулық-тайпалық құрлымдарды талдау.
Көшпелі қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан

Немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды. Бөлменің шамын сөндіргенде қараңғы үйдің ішінде плптина-синеродистый барий кристалынан бөлініп шыққан жасыл түсті сәулені көрді. Оның сәулелену себебін білу үшін жан-жағына қараса, криталға жақын тұрған қара қағазбен оралған жоғары кернеу тогымен жұмыс істейтін Круксова трупкасын сөндіруді ұмытып кеткен екен. Трупканы сөндірісімен, сәулелену жоқ болып кетті, ал жаққанда сәулелену қайта шыға бастаған. Ол осы күні үйіне бармастан, тәжірбиемен шұғылдану үстінде болды.
Рентгенге кенет «трупкадан ток өткенде мұнда бұдан бұрын белгісіз сәулелену пайда болды» деген ой келді. Ол бұл сәулелену «X сәулелері» деп атады. Кейінен оны ашқан оқымыстының құрметіне оның атымен «Рентген сәулелері» делінді.
Рентген өз еңбегін 1895 ж. 28-желтоқсанда өзқолының сәулелену арқылы түсірген суретін қосып Вюрцбургтің физика-медициналық қоғамының басшысына табыс етті.
Барлық заттардан өте алатын «Рентген сәулелері» ашылғандығы туралы Лондон телеграфымен дүние жүзіне хабарланды. Адамзаттың бүкіл зиялы қауымы бұл жаңалықты ең маңызды хабар деп қабылдады.
Ғылымда физика саласынан көрнекті табысы үшін 1901 жылы 10-желтоқсанда Рентгенге Нобель сыйлығы табыс етілді.
Париждегі жаратылыс тарихы музейінің профессоры Анри Беккерель рентген сәулелерінің табиғи құбылысын зерттегісі келген талапкер оқымысты әр түрлі минералды заттардың күн жарығынан сәуле шығаруын зерттеді. Ол бұл бақылауын қайталамақ болды. Фотография пластинкасын жарық өтпейтін қара қағазбен жақсылап орап, үстіне крест тәрізді уранның тұзын салып, столдың суырмасына салып қойды. Екі күн өткеннен күн ашылған соң ол тәжірибесін қайталамақ болып, фотопластинканы столдың суырмасынан алады. Пластинканы шығарғанда уран тұзының крест тәрізді ізі тура түскенін көрді. Бұл байқаудың Беккерель уранның тұзы жарық түскенде және жарық жоқ қараңғы жерде, күннің сәулесіне байланыссыз көзге көрінбейтін « уран сәулелерін» өздігінен үздіксіз шығарып тұрады деп қорытынды жасады.
Сонымен, рентген және уран сәулелерін ашу кездейсоқ болған жаңалықтар еді. Мұндай жағдайда кездейсоқтық «жаңалықты ашуға дайындығы мол ой иесіне көмектеседі» деп Луи Пастер айтқан болатын.
Атақты поляк оқымыстысы Мария Склодовская – Кюри уранның өздігінен үздіксіз сәуле шығаруын зерттеді. Солардың бірі – 1898 ж. шілде айында полоний элементін ашты. Дәл осы желтоқсан айында радий элементі ашылды. Осыған байланысты құбылысты Мария Склодовская – Кюри радиоактивтілік деп атады.
Радиоактивтілік – кейбір минералды элементтердің атом ядросының өздігінен ыдырап, гамма-квантын және ядролық бөлшектерін бөліп отыру қабілетті.
1903 жылы физикадан Нобель сыйлығы Пьер мен Мария Кюри – 10 сыйлық ғылыми мекемелер, академия ғылыми қоғамдардың мүшесіне сыйлаған оқымысты.
1935 жылы Марияның қызы Ирен Кюри екеуі жасанды изотоптарды ашқан үшін Нобель атындағы сыйлыққа ие болды.
Радий элементінің үздіксіз жылу швғарып тұратынын байқап, оқымыстылар ең алғаш рет 1903 жылы атом энергиясының бар екенін тапты. Сөтіп, атом – энегия бұлағы екені дәмденіп, зерттеулер арта түсті....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XIII-XIV ғғ. Қазақ мәдениеті

Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIII ғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.
XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.
Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы

Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Контрацепция түрлері, олардың маңызы мен қолданылуы. (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Контрацепция түрлері, олардың маңызы мен қолданылуы.
Оқыту мақсаты: 9.2.1.4 контрацепция түрлері мен маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаты: контрацепция түрлері мен маңызын түсіндіру .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0