Курстық жұмыс: Психология | Қарым қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу

Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке адамның даму психикасының анталогиялық сипаттамасы

Адам дамуындағы биологиялықтың түрлік спецификасы.
Марксистік философияда индивидтің тәндік ұйымдастырылуы адамның әлеуметтік мәнін түсінудегі бастапқы пунк ретінде қарастырылады. Кез –келген адамзат тарихының алғашқы бастамасы – бұл, әрине, тірі адамды индивидтердің өмір сүруі. Сондықтан констатирлеуге жататын алғашқы нақты факт – осы индивидтердің тәндік ұйымдастырылуы және оның басқа табиғатқа қатынасы: Жаратылыс табиғаты көзқарасымен қарағанда марксистік философияда адам бір жағынан табиғи құбылыстың негізі ретінде түсіндіріледі. Адам биологиялық индивид үстілік интеграция элементі ретінде көрінеді. Түр өкілі бола отырып, ол түрлік заңдылықтармен детерминацияланған.
Адам биологиясы биологиялық эволюциясының ең жоғарғы өнімі болып табылады. Түрлік спецификалық морфофизиологиялық белгілер оны техносфера және күрделі әлеуметтік ортаға жақсы бейімделіп, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік өмір шарттарының жылдам темптегі өзгеруіне қарамастан адам бұл жағдайларға түр ретінде тез бейімделеді.
Адамзат күшті геологиялық күш болып табылады. Оның табиғатқа әсер ету масштабы жаратылыстық планетарлық құбылыстар көлемімен салыстырылады. 1930 жылдарда –ақ академик А.Е.Ферсман жазды, «Адам – ғаламат геохимиялық агент. Адам тарих аренасына жаңа геологиялық фактормен шыға отырып, жер бетін құрайды». ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
Сабақтың мақсаттары: Мәдени өсімдіктері мен үй жануарларының шығу орталықтарын зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта нарығы және валюталық реттеу

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында банк банкингінің даму тенденцияларын талдау

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Жазаланушылыктын негіздері және аяқталмаған қылмыстын түсінігі

КІРІСПЕ
Аяқталмаған қылмыстың және оның түрлерін кылмыстық іс-әрекеттің орындалу дәрежесі бойынша ажырату кылмыстарды дүрыс саралау үшін үлкен маңызға ие. Аяқталмаған кылмыстың анықтамасы аяқталмаған қылмыстық қызметке қатысты кылмыстық жауапкершіліктің жалпы негіздерін және шектерін нактылайды.
Кылмыстық қызметтің даму сатылары туралы ілімде кылмыска дайындық және қылмыс қүрамына оқталу туралы мәселені қазіргі қылмыстық кодекстің баптары бойынша және ғылыми әдебиеттердегі ғалымларлын көкарасымен қарастырып таллау жасадық.
Сот тәжірибесіңде кылмысты оны істеу сатысын дүрыс аныктамасымен байланысты кылмыстарды кате саралау оқиғалары әлі де болса кездеседі. Бүл көп жағдайларда жасалған қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпгтілік дәрежесінін тағайындалған жазаға сәйкес еместігіне алып келеді. Кінәлінің іс-әрекетінде қоғамға қауіптіліктің бар екендігін қателесіп жокка шығару, нақтырақ айтқанда, оның жүріс-түрысында басталған қылмысты жалғастыруды өз еркімен бас тарту, дүрыс ажыратпау, негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босату оқиғалары кездесіп түрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | «ТАС-ҚҰМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

Кіріспе
Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикамызда өткізіліп жатқан нарықтық реформалар, тек экономикалық дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстары көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды.
Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.
Президентіміздің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Тұтынушы талғамы

Кіріспе.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 квант сандарының мағынасы мен сипаттамасын біледі;
10.1.3.2 электрондардың орбитальдарда толтыру ережесін түсіну үшін Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтердің электрондық конфигурациясын жазу.
Сабақ мақсаттары: электронның күйін сипаттайтын 4 квант сандары туралы білім беру, мағынасын түсіну,
Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелерін қолданып алғашқы 36 элементтің электрондық конфигурациясын жазу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0