Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Аяқталмаған мәжіліс


Сөйлем мүшелерінің алғашқы мәжілісі «Абай жолы» романының... бетінде шақырылды.

Мұнда шешуші дауыспен қатынасып отырғандар: Бастауыш, Баяндауыш, Толықтауыш, Анықтауыш және Пысықтауыш. Бұлар мәжілістің толық праволы мүшелері.

«Қатынасамыз дегендерге есік ашық» деп хабарландырылғаннан кейін бүгінгі мәжіліске грамматика майданының өзге саласында еңбектеніп жүрген талаптылардың да өкілдері келіпті. Сөз таптары атынан Сан есім, сөйлеммен грамматикалық байланыстары болмаса да Қыстырма, Қаратпа, Одағай сөздер қатысып отыр.

Бірінші болып, Бастауыш сөйледі.

— Мен Бастауышпын. Сөйлемде менің мойныма ұшан - теңіз жауапкершілік жүктеледі. Meн сөйлемдегі ойдың иесімін. Менсіз сөйлем басы жоқ теке тәрізді. «Кім? Не?» деп сұрай келген жан болса, атау тұлғада тұрған мені қиналмай бірден тауып алады. Рас, кейде көзге түспей жасырынып та қаламын. Бірақ ол менің кінәм емес.

Бастауыш осы сарында қыза желпініп, ұзақ сөйледі. Даусынан бұрқырап шаң көтерілгендей болды.

Екінші болып Баяндауыш сөз алды:

— Бәкен, тамаша сөйледі, — деп, сөзін ол Бастауышқа жағынудан бастады.— Бір ауыз артық сөзі болған жоқ. Ал енді мен өзім жайында айтайын. Мен Баяндауышпын. Қызметім — сөйлемде айтылған ой иесінің яғни Бәкеңнің іс-қимылын, күй - жағдайын білдіру. Бәкен жайын білгілері келген жұрт «Не істеді? Не істеп жатыр? Не болды? Хал -тұрмысы қалай?» — деп сұрайды. Осынын бәріне тиісті жауабын беріп, мен тиянақтаймын. Бәкен екеумізсіз сөйлем басы мен аяғы жоқ дене тәрізді. Міне, сондықтан да бізді ғалымдар тұрлаулы мүшелер деп атайды.

— Лепіріп, шалқып, дандайсып бүл не өзі! — деп, кенеттен Баяндауыштың сөзін Пысықтауыш бөліп жіберді.— «Мен! «Мен!» деп, кеуде қаға сөйлеуді осы қашан қоясыңдар! Тұрлаулы мүшелеріміз деп, бөлектенуді қашан доғарасыңдар? Бастауыш пен Баяндауыш бізсіз, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінсіз, сендер күрделі ойды бере аласыңдар ма? Бере алмайсыңдар. Ал мен болсам, Баяндауыш, сенін мағынаңды айқындап, суреттей түсем. Олай болса, сенің мені неге танығың келмейді, а!

Пысықтауыштың шанқ - шанқ етіп, ашынған үні парақтың арғы бетіндегілерге естіліп жатты.

Бұдан кейін Толықтауыш сөз алды. Ол Пысықтауышқа тиісті:

— Біреулерді сынай тұрып, өзің неге лепіресің? Баяндауыштың мағынасын айқындайтын сен ғана ма екенсің?! Етістіктен болған Баяндауыштарды қолдап - жебеп, көркейту, ол менің ісім емес пе? Менің бұл еңбегімді сөйлем мүшелерінің қайсысы жоққа шығара алады?!

Осылайша гүж - гүж етіп, жуан денелі Толықтауыш ол да бірқауым сөйледі.

Манадан бері бір қуарып, бір қызарып құбыла тыңдап отырған Анықтауыш сөз алды:

— Кімнің қандай кызмет атқарып жүргенін, жолдастар, өмір көрсетеді. Өмірге, шындыққа жүгініп сөйлеген жөн. Біз, Анықтауыштар, өздеріңізге мәлім, есім сездерді анықтаймыз. Одан басқа да сөз таптарымен байланысып, белгісін, сыр - сыпатын білдіретін кездеріміз болады.

Алдындағы сия сауыттан сияны қылқ еткізіп жұтып қойып, лепіріп сөйлей берді Анықтауыш:

— Біз, Анықтаушытар, есім сөздердің ғана емес, бүкіл сөйлемнің көркіміз, бояуымыз. Нелер ділмәр шешендер бізді, Анықтауыштарды, тіліне тиек етпей сөз сөйлемейді. Өмірдегі әдемілік пен сұлулықтың, асқақтықтың бір де біреуі біздерсіз сипатталмайды. Жамандық пен жауыздықтың нелер лас бояуын да біз келтіреміз... Біз... Біз...

Анықтауыш қақалып-шашалып, түр-түсі құп-қу болып барып сезіп бітірді.

— Шіркінің бөседі - ақ екен! — деп, босаға жақтан Шылаудың бірі кепке естірте күбір етті.

Парақ бетіндегі сөздер тыңдаудан жалығып, қақырынып, жөтеліп, қозғалақтап кетіп еді.

— Жолдастар, үзіліс жасасақ қайтеді? — деп Қаратпа сөз ұсыныс енгізді.

Екі үтірге шынтақтап, шаршап отырған Қыстырма сөз:

— Үзіліс жасаған, әрине, дұрыс болады, — деп қостады.

— Тым болмаса бес минут, — деді Сан есім.

Мәжілісті басқарып отырған Бастауыш үзіліс жариялады.

— Уһ! — деді Одағай Леп белгісіне сүйеніп, орнынан тұрып жатып.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Германия негізінде)

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау

Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен , экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді .Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса , келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі , халқымыздың әлеуметтік жағдайы , білім деңгейі , инфляция , жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы , қатаңдығы , тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап , өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса , бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын – туыс , жора – жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып , бірнеше жыл бойы оқып , ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ойын ережесі Бас әріппен басталатын сөздер Ертегілерді салыстыр (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Ойын ережесі. Бас әріппен басталатын сөздер. Ертегілерді салыстыр.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау.
Сабақ мақсаттары: 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (қмж): Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақтың тақырыбы: Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру
Сабақ мақсаттары: Энеолит және қола дәуірінің ерекшеліктерін талдау; Метал өндірісінің адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдап, маңызына баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептсу және талдау

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.
Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы.
Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.
Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.
Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:
Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.
Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.
Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.
Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.
Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЕСЕБІ

Валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар б/р өкілетті деп аталады. Валюталық нарықты барлық ролін анықтайтын негізгі факторлар банктің үлкендігі, репутациясы, филмал мен бөлімдердің шетелдік бөлімшесінің даму деңгейі, жүргізілетін халықаралық төмендердің көлемі болып табылады.Сонымен қатар мерзімді кіргізілетін валюталық шектеулердің, банк және оның валюталық саясаты орналасқан орынның телефонды және телексті байланысының жағдайы үлкен роль атұқарады. Ұлттық Банктің мәнді қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс пен ұсыныстың негізінде ұлттық валюта бағамының тұрақтануын көздейтін теңгенің айырбас курсының бос режиміне өтуі 2000жылдың сәуірінде Ұлттық Банкпен жүзеге асырылған. Бұл жағдайда валюталық реттеудің мәні көтерімді.Оның негізгі міндеттемелері :
 ҚР территориясында валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін , валюталық бұзұдың жауапкершілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілерін дамыту;
 Валюталық заңды сақтауды бақылау(валюталық бақылау)
 Валюталық нарықтық жағдайын, істелген валюталық операциялардың көлемі мен структурасы
Валюталық реттеу есебін шешу үшін ҚР ҰБ келесі әдістерді пайдаланады:
 Валюталық операциялардың субъектілері мен объектілердің, валюталық операциялардың субъектілердің құқықтарының және міндеттерінің , валюталық құндылығымен пайдалану ережелерінің орнатылуының анықтауын көздейтін валюталық операцияларды жүргізу тәртібін орнату;
 Субъектілердің, объектілердің, көлемнің және тағы басқаға байланысты анықталған валюталық операцияларды жүргізуге шектер орнату;
 Шетел валютасын пайдаланумен байланысты лицензиялау ісі;
 Валюталық операцияларды тіркеу;
 Валюталық операциялар түрлі есеп анализі және жинағы;
 Валюталық заңның сақталуын бақылау, сонымен қатар экспортты-импортты мемлекеттің паспортизация процедураларын орнату жолымен және тексеру жүргізу(инспекция),
 Валюталық реттеу сұрақтары бойынша халықаралық келісім (көбінесе, 1992жылдың ортасынан Қазақстан халықаралық валюталық фондының(ҚВФ) ұлғасы болады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінде ҚВФ-ң статьялар келісімінің VIIIстатьясына қосылды).
Валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылау мақсаты-ҚР резиденттері мен резиденттер емес тұлғалар арқасында валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заңды сақтауды қамтамасыз ету. Валюталық бақылауд ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Карфоген мен Коринфты Римдіктердің талқандауы

Италияны өздеріне бағындырған соқ римдіктер жері мен құнарлы Сицилия аралын басып алуға әрекеттенді. Олардың Сицилияны басып алмақ ниеттерін жүзеге асыруымен Солтүстік Африкадағы аса бай қала — Карфаген қарсылық көрсетті.
Карфаген Солтүстік Африкадағы байтақ жерлермен қоса, Испанияның бір бөлегіне және Жерорта теңізінің батысын дағы, аралдарға иелік еткен. Жалдамалылардан құралған ірі армиясы және қуатты соғыс кемелері де болды.
Соған қарамастан Рим Карфагенмен бірінші соғыста ақ жеңіске жетеді де, Сицилияны иемденеді. Алайда Карфагеннің қуаты әлі қойған жоқ еді, енді екі жақ та жаңа шайқасқа әзірлене бастады.
Рим сенаты мынадай жоспар жасады: консулдың бір армиясы карфагендіктерге Испанияда, екіншісі Африкада шабуыл жасауға тиіс болды. Бірақ карфагендік жас әрі талантты қолбасы Гиннибал римдіктер жоспарын күл талқан етеді. Ол тоғыз жасар бала кезінде-ақ өмірбақи римдіктердің жауы болып қалатыны туралы салтанатты ант берген. Осы антын орындайтын сәт сағаты туды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0