Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Сталинмен қоштасу


Көктемнің келе жатқанын ең алдымен кәдімгі майда құстар сезеді. Шымшықтар шықылықтап, секеңдей бастайды. Бірлі-жарым наурызкөк көрініп қалады. Жәудіреген көздері моншақтай мөлдіреп, адамдармен ықыластана амандасқандай, шымшықтар сияқты секеңдемей, шошаңдамай, жорғалай басып, жаныңа жақындап: — Көктем келді, көзайым болыңыз! — дегендей ишара білдіреді.

Оны көп адамдар түсіне бермейді. Адамдардан құстар тілін білген тек Сүлеймен пайғамбар ғана болған. Ал, бірақ өкінішке орай, адамдардың бәрі Сүлеймен пайғамбар емес.

Ал бүгін кәдімгі шошақай шымшықтар да шықылықтамайды. Наурызкөк те көрінбейді. Шымшықтар мамық жүнін жел қобыратып, бұтақтарда бүрісіп-бүрісіп отыр. Олар да қалың қайғыдан қабырғалары қайысып, қара жамылып қалғандай.

Бүгін Сталинмен қоштасу күні.

Борис Фардзинов екеуміз бірге баруға келістік. Әсіресе бүгін жалғыз-жарым жүру өте қиын. Баратын жеріміз — Колонна залы. Мәскеудің дәл төрінде. Кремльден алыс емес.

Бірақ бүгін метромен жүріп болмайды. Трамвай, троллейбустан қайыр жоқ. Такси жалдауға біз сияқты студенттің қалтасы көтермейді. Бүгін, сірә, такси де жүрмейді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің)

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің,
Жанға жылу құяды айтқан сөзің.
Қан ойнаған жүзіңнен байқалады
Көкірегіңде қайнаған отты сезім.

Тау суындай талабың тасып тұр, ә?
Діттеп тасыт, албаты асықтырма.
Сайды бұзып, жарды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары №2 (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтап, жер бедерінің ерекшеліктерін үйренеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0