КІРІСПЕ Халықаралық еңбек бөлінісінде көліктік салаға ерекше көңіл бөлінеді, себебі кез-келген елдің халықаралық экономикаға интеграциялану мүмкіндігі және мерзімі осы көлік жұмысына тікелей байланысты. Өзінің “Transprotation” атты еңбегінде американдық экономист Джон Койл былай деп жазады: “Көлік өркениетті адамзат үшін әлемдік хаосты ретке келтіру құралы болып табылады. Адам өмірі күрделенген сайып көліктік қызметке деген қажеттілік өсе түседі”. Көлік экономикалық қатынастың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді. Елдер арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың одан әрі дамуы халықаралық саудадағы жүк ағымы қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесін алға қояды. Евразия континентінің орталығында және Европа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттік жоғары потенциалдық-транзиттік мүмкіндіктерді тиімді қолданумен байланысты. Қазіргі шаруашылық әрекет жағдайы көліктік қызмет түрлеріне жаңа талаптар қояды. Ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өнімді өндіріс орынынан тұтыну пунктеріне жоғары жылдамдықпен, әрі минималды жоғалтумен жеткізу – экономикалық байланыстарды тиімді және сапалы көмікпен қамтамасыз етудің басты шарттары болып саналады. ....
30-шы қаңтарда Флиппин аралы Себуде өтетін "Әлем ауры-2017" байқауына Швеция сұлулық әлемінің стандарттарына сай келмейтін ауруды жіберді деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасап nur.kz.
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері Сабақ тақырыбы: Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеу талдау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.1.1.4 сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды 8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады Сабақ мақсаттары: Сандық географиялық деректерді өңдеу, талдау Сапалық географиялық деректерді өңдеу, талдау.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы Сабақ тақырыбы:Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1. 1 «Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану Сабақ мақсаттары: Орталық Азияның негізгі географиялық ерекшеліктерін анықтайды......
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
Италия (Italia), Италия Республикасы – Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізінің жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы. Бұған қоса Милан. Неаполь, Турин, т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік тнрриториялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автаномиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған конституция бойынша елді Призидент басқарады (1992 ж. О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қоспалаталы: парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министірлік Кеңесінің қолында. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы Оқу мақсаттары: 7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау. 7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. Сабақтың мақсаттары: Қарапайым, қысқа мәтіндерді түсінеді және тыңдай отырып, күнделікті өмірге қажетті ақпараттарды анықтайды. Оқушының жеке сөздік қоры жаңа ұғымдармен толығады. Сөйлеу дағдыларының дамуына мүмкіндіктер беріледі, өз түсінігін жеткізе біледі.....
Владимир Александрович Шаталов (8.12.1927 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) - ғарышкер-ұшқыш, авиация генерал-лейтенант (1975), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. 1945 жылы Әскери Әуе күштерінің арнаулы мектебін, 1949 жылы ұшқыштардың Качинскідегі әскери училищесін, ал 1956 жылы Әскери Әуе академиясын (жұмыстан қол үзбей) бітірген. 1949-63 жылы Кеңес армиясының авиац. бөлімдерінде қызмет етті. 1963 жылдан ғарышкерлер қатарында. 1969 жылы 14-17 қаңтарда «Союз-4» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшып, «Союз- 5» ғарыш кемесімен (15 қаңтарда ұшырылған) топтасып .....