Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері табылды. Рим Папасы бірінші Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін сипаттайтын қолжазбада Орта Азиядан шыққан Авар қағанаты туралы мәліметтер кездеседі. Бұл қазақ елінің сонау түркі дәуірінен Еділ патша бастаған ұлан-ғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айғақтайды. Отандық ғалымдар «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай деректер....
Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап nur.kz.
Түлкібас агробизнес колледжінің студенттері «пара беруден шаршағандарын» айтады. Жақында «жақсы баға үшін пара сұраған» осы колледж оқытушысы туралы видео интернетте тарап кеткен еді. Азаттық тілшісімен сөйлескен 51 жастағы мұғалім денсаулығы сыр бергенін алға тартты.