Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап nur.kz.
Жастар отбасын құрғанда қыз бала өзінің тегінде қалу керек. Өйткені Құранда әр адам баласы өз тегімен аталсын деген аят бар. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы айтып берді деп хабарлайды baq.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды nur.kz порталының өңірдегі тілшісі.