Дипломдық жұмыс: Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.
Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана қоғам дұрыс бағыт ала алады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің басқа да түрлерін көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абайдың аудармашылық таланты

Кіріспе
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Елдос Баялышбаев

Елдос Баялышбаев - «Асар» мүгедектерді реабилитациялау орталығының директоры

Балышбаев Елдос Қайыркенұлы жол апатынан қатты жарақат алып, соның салдарынан басын көтере алмай, бір жыл төсек тартып жатып қалады. Массаж бен кешенді тренажерлік жаттығулардың арқасында Елдос аяққа тұрып, ақырындап арнайы құрылғының көмегімен жүре бастады.

Елдос Баялышбаев еңбек жолын 2013 жылы Талдықорған қаласының «Ерлік» мүгедектер қоғамында бағдарламашы болып бастады. 2014 жылы Елдос қозғалуы қиындық тудыратын адамдарға қолдау көрсетем деп шешеді. Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мүгедектерді спортпен оңалту орталығы» АҚ ашып, қазірге дейін соны басқарып келеді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар(12 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау

Кіріспе
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Суретті талқылау (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Суретті талқылау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) 2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Өз пікірін білдіруде сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтағы координаталар әдісі 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
кесінді ортасының координаталарын анықтайды
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеуді бекіту;
- кесінді ортасының координаталарын анықтауға есептер шығару;
- тақырыпты басқа да күрделі жағдайлар да қолдана алу дағдыларын шыңдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық) (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10-сынып алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: 10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: 10-сынып бойынша алгебра курсының бөлімдерін қайталау.
10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар
10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар
10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер
10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.
10.2.С бөлімі : Ықтималдық.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қорғалатын объектілі жүйелерге бағытталған тәсілдерді қолдану

Ел президентінің 1997 жылдың 10 қазандағы « Қазақстан 2030 ». Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ҚР – ның конституциясының және «ҚР – ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы, « Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы, « Терроризмге қарсы күрес туралы » 1999 жылғы 13 шілдедегі, « Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы » 2003 жылғы 7 қаңтардағы, « Ақпараттандыру туралы » 2003 жылғы 8 мамырдағы, « Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы » 2005 жылғы 18 ақпандағы.ҚР – ның заңдарының, ҚР – ның президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 жарлығымен мақұлданған. ҚР – ның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізінде дайындалды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезіндегі жағдайлар.Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси өміріндегі және экономикасындағы болып жатқан қайта құру процестері оның ақпараттық қауіпсіздігінің жай – күйіне тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезінде ескеруді қажет ететін жаңа факторлар туындайды.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі ішкі және сыртқы болып келетін қатерлердің бар болуы, қорғаныш объектінің өмірлік маңызды мүдделерінің бар болуы. Олардың арасындағы тепе – теңдіктің бар болуын анықтайды. Ұлттық қауіпсіздікті тиімді шешу үшін түрлі қауіпсіздік факторларын жүйелі түрде қарастыру мемлекеттің барлық негізгі құрылымдарының өзара әрекет ету тетігін қалыптастыру керек.
Компьютерлер – ақпараттық жүйені қалыптастырушылардың бірі, бірақ біздің назарымыз бірінші орында ақпаратқа негізделеді, компьютердің көмегімен сақталатын, өңделетін және жіберілетін ақпараттарды қарастыра аламыз, оның қауіпсіздігін анықтайтын барлық жиынды құрайтын және бірінші орындағы ең әлсіз буын көптеген жағдайларға бағынатын адам болып табылады (мысалы өзінің паролін жазып қоюға болады «Азамат хаккер»).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің токтың балансын қолданатын магнит өрістің ағын тығыздығын өлшеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіну;
• Магниттік өрісте қозғалатын зарядқа әсер ететін күштің бағытын анықтау;
• F=qvBsinα формуласын білу және қолдану;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0