Сабақтың мақсаты: Заттың қасиеттерін, геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау. Саусақ қимылын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап , көркем сөз, ойын. Іс-әрекет кезеңдер: Тәрбиешінің іс-әрекеті,; Балалардың іс-әрекеті....
Кіріспе Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштері өте жоғары болып жалғасуда. Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура аясында экономиканыпарасатпенбасқару айтарлықтай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұнайға деген әлемдік жоғары бағалар және Қазақстан Республикасында мұнай өндірудің ұлғаюы мұнай секторы кірістерінің күрт өсуіне әкелді, бұлардың бір бөлігі әлеуметтік саланың кезек күттірмес қажеттіліктеріне және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі тез жоғарылады. 2000 ж. бергі кезең ішінде ЖІӨ жан басына шаққанда доллармен көрсетілуінде үш еседен астам өсті; ағымдағы жылы экономика осыдан алты жыл бұрынғысынан екі есе дерлік үлкен болады. Бұл ретте мұнай секторының үстеме кірістерінің едәуір бөлігі қазіргі кезде активтері 12 млрд (ЖІӨ-нің 17 пайызы) болып отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (ҚРҰҚ) бағытталды. Мұнай және мұнай емес секторлар кірістерінің динамикалытүрде түсуі бұрынғысынша айтарлықтай профицит байқалып отырған бюджеттің нығаюына көмегін тигізді. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштері де жоғары болып отыр; ағымдағы жылы Ұлттық банктің резервтері 12 млрд. жетіп, екі есе дерлік өсті (бұл тауарлар мен қызмет көрсету импортының 6 ай кезеңіндегі көлеміне сәйкес келеді).....
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Негізгі капитал-ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын , пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер . Негізгі капитал материалдық және материалдық емес бөліп бөлінеді. Материалдық активтерге үйлер мен ғимараттар , машиналар мен жабдықтар , өндірілетін биологиялық активтер жатады . Ал материалдық емес активтерге бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары , электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалар мен қамтамасыз ету ,әдеби және көркем өнер шығармалары және т.б. жатады . Негізгі капиталдың әртүрлілігі өндірісте бірдей рөл атқармайды . Сондықтан негізгі капитал белсенді және белсенді емес деп бөлінеді.негізгі капиталдың пассив бөлігіне қалыпты ұйымдастыру және өндіріс процесін қамтамасыз ету шарттары қызметтерін іске асыратын негізгі капитал түрлері жатады : үйлер , ғимараттар . ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау Сабақтың мақсаты: XIXғ Ұлы жүз аймағы үшін Ресей империясы мен Орта Азия мемлекеттерінің арасында болған соғыс қимылдары мен оның нәтижесі туралы түсінеді....
Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді: 1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді. 2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады. 3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады. 4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады. Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды. Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау Сабақтың мақсаты: Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты)-экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),-тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген. Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің-меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды. Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті-станок, машина, шикізат, т.б. түрінде. Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады. Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады. Бұл жағдай Екропада 16-18 ғасырларда орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты. Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі-бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады. Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды ....