Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы(3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау

Кәсіпорынның қаржы стратегия жоспарын анықтауда кәсіпорынның қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын, баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Қаржы стратегия жоспарындағы өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олар¬дың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады", - деп жазады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

Кіріспе
Жақын келешекте ауыр өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқада салаларының үздіксіз дамуы отын мен жағар майларды қарқынды өндірудің қажеттілігіне әкеліп соқтырады, демек көмірсутек шикізаты – газ тәрізді және сұйық мұнай өнімдері ресурстарының өсуіне алып келеді. Мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуін қанағаттандыру үшін жыл сайын үлкен қуаты бар мұнайды алғашқы айдау қондырғыларын жаңадан іскеқосу керек болады.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғылары мұнай өңдеу зауыттарында үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каткренинг, кокстеу, тазарту және басқа да процестердің тиімділігі осы қондырғының жұмыс көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан мұнай өңдеу өндірісінің жұмысшылары, ғылыми зерттеу және жобалау - конструкциялық ұйымдардың қызметкерлері қондырғылардың технологиясын оның өнімділігін ұлғайтуға және алынған өнімдердің сапасын жоғарлатуға ұмтылуы керек. Еңбек өнімдігін жоғарылату, тауардың өзіндік құнын кеміту энергия шығындарын қысқарту, металл шығындарын және басқа шығындарды қысқарту а/ы ісіне асатын қондырғының (көрсеткіштерінің) технико – экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың үлкен мәні бар.
1950 жылға дейін мұнайды алғашты айдаудың инновациялық әлеуметі қалыптасады. Осыған байланысты адамның біәлім – білік капиталына қатысты экономиканы өрістеу мәселесі туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтарға талдау

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ НЕСИЕ БЕРУДІ ТАЛДАУ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – эканомикалық мәнін түсіне білудің, оның іс – әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан эканомикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Осының бәрі жалпы несиелендіру процесін және оның жеке аспектілерін толық және егжей тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді. Процестің теориялық және құжаттық жақтары зерттелінді. Несиегер мен қарызгердің функциялары, олардың құқығы мен жауапкершіліктері, жәнеде өзара әрекет жасаудың барлық бойлығында, нарықтық жағдайда екі жақтыңда бет алыс бағыты анықталды. Барлық жиналған мәліметтерді зерттеу кезінде, Қазақстандағы несиелік қатынастың өркендеуінің мүмкіндікті жолдары қарастырылды.
Негізгі дипломдық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен тұрады. Бірінші тарау несиелік процестің теориялық аспектілеріне арналған – онда несиелендірудің мәні мен негізгі принциптері қарастырылған. Екінші тарауда коммерциялық банкілердің несие беру процестерінің талдауы келтірілген: несие беру үшін қажетті құжаттар көрсетілген, банкілік несиелер типтері анықталған, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ағымды күйі қарастырылған, сонымен қатар несие беру мәселелері – оларды шешу жолдары. Үшінші тарауда Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеу келешегі анықталған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Меншiкті капитал есебi

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. Қосымша төленбеген капитал кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Импульс және энергияның сақталу заңы. Кеңістік пен уақытқа тәуелділігі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Импульс және энергияның сақталу заңы. Кеңістік пен уақытқа тәуелділігі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Сандық және эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде сақталу заңарын қолдану.
Сабақ мақсаттары: - Импульстің сақталу заңын түсінеді
- Энергияның сақталу заңын түсінеді
Сақталу заңдарын пайдалана отырып, есептер шығара алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 1