Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық
өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігіміздің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін
өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жадайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Курстық жұмысым үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
Бірінші бөлімде қаржы, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржыларының атқаратын қызметтері, кәсіпорын қаржыларын ұйымдастыру негіздері, қаржылық қатынастар, қаржы тетігі, қаржы әдістері, қаржы ресурстары, кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалануды; инвестиция, инвестор, инвестициялық процесс, инвестициялық жобаның жіктелуі, инвестициялық саясат; қорлар және оның түрлері, қорларға деген сұраным, қорлар ұсынымы қарастырылған.
Екінші бөлімде жалпы кәсіпорынның табыстылығы зерттеледі, яғни абсолютті көрсеткіші, өнімді өткізуден түскен түсімі, жалпы табысын, негізгі қызметтен түскен табысы, салық салынғанға дейінгі қызметтен түскен табысы, салық салынғаннан кейінгі қызметтен түскен түсімі, таза табысы және есептеу формулалары қаралады. Сонымен қатар 2005 жылғы кәсіпорынның жалпы табысы зерттеледі және өткен жылмен салыстырғандағы олардың қандай өзгерісте болғаны қарастырылған ....