Майсана майының сұлулыққа пайдасы

Оқырмандарымыз майсана майының көмегі туралы толығырақ ақпарат беруімізді сұраған еді. Сондай-ақ «әжімнен құтылуға көмегі бар ма?» деген сауал қойған болатын. Бұл материалымызда осы сұрақтарға жауап береміз.

✅ 1. Алақаныңызға кішігірім май құйып, шашыңызға жағыңыз. Аптасына бір рет қайталап тұрсаңыз, бір айдан кейін шашыңыздың қалыңдап, жылтырайтынына көз жеткізесіз.

✅ 2. Кесеге айран құйып, ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға жағып, полиэтиленді бас киім не пакетпен, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек. Нәтижесіне шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды.......
Кеңестер
Толық
0 0

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.

• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды.
• Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы.
• Сүзбе ерінді жұмсартады.

• Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.

• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді.
• Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем.
• Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.......
Кеңестер
Толық
0 0

Киви сұлулық жемісі

Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.

✅ Нәрлендіретін маска

1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.

✅ Ылғалдандыратын маска

2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ертегі: Малхуан сұлу

Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты.
Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен.
Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ең сұлу әйел

Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.

Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:

«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Сыр сұлуы - Қызылордам

Туған өлке туралы айтылғанда кең байтақ Қазақстан, оның ішінде әсем де көркем, ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда өңірін мақтанышпен ойға аламын. Қарт Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қамар сұлу романы

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді.....
Рефераттар
Толық
0 0