Сары алма
Сарыла күткен сары күз де келіп жетті. Жетті дегенім бергі жағы, күз көңілі қыз көңіліндей құбылмалы емес пе?! Таң намазынан кейін күн шапағы құдды бір ақшамға дейін нұр шашып тұратындай көрінеді. Бірақ, артынан сұрғылт бұлттар күн көзін бірде қымтап, бірде жайына қоя салады. Кешке дейін мың құбылып, кейде аспан тесіліп қалғандай шелектеп нөсер құяды дейсің. Түс ауып нөсерлетіп тұрған осындай кеште, төрт қабатты үйдің үшінші қабатында терезеге телміріп мен тұрмын. Кенет аулада көктің көз жасына рахаттана шомылған бойжеткен мен бозбаланы көзім шалды. Екеуі де төгіп тұрған нөсерге назданар емес, керісінше көңілдері көңшіп, әлгі бойжеткен бозбаланың белінен қысады. Дәл сондай жауапты жігіттен күткен қыз басын жігіттің құшағымен тұмшалауда. Жігіттің қалағаны да осы болар. Қызды бар құшағына сыйдырып, малмандай су болған шаштарын алақанымен тарағандай басынан қайта-қайта сипайды. Бір құшаққа сыйысып, бір-бірінен демеу тапқан мына екі жас неткен....
KZ