Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлердің киімін әшекей бұйымдарын суреттеймін (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің киімін, әшекей бұйымдарын суреттеймін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
2.5 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (қмж): Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру
Сабақ мақсаттары: Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Суретпен берілген өлеңдерді оқимын (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Суретпен берілген өлеңдерді оқимын
Оқу мақсаттары : 2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Мәтіндерді оқып салыстырады,мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын өздері таба алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың
Оқу мақсаттары:
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тұңғыш қазақ суретшісі № 6 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Тұңғыш қазақ суретшісі № 6
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтінді түсінеді, мұғалімнің көмегімен кейінгі оқиғаны болжайды, өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдағана мәтін бойынша кейінгі оқиғаны болжайды, өз пікірін орынды білдіреді.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін негізінде өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сурет көрмесінде №7 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Сурет көрмесінде №7 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
• Тақырып бойынша диалогқа қатысады.
• Іс-әрекеттің уақытын дұрыс қолданады.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, әрекеттің уақытын дұрыс қолданады..
Оқушылардың кейбірі: өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп айтады, диалог барысында монолог қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Бір суреттің тарихы

Аспан жүзін қаптаған күзгі сұр бұлт оқтын-оқтын қабағын түйгендей тұнжырап, себелеп бүркіп-бүркіп алады. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп тыға түседі.

Дала иесіз. Көңілсіз.

Айдабол сайының жол етер кезеңінде бейнеусіз үйілген тезектей қиқайып, құммен көміліп бара жатқан тәрізденіп қараша үй отыр. Жел ішін тартып үйірілте соқса, қараша үйдің киізі қолп-қолп етеді. Үй ортасына жағылған от шалқи жанып, от басына төнгендердің көзінен сорасын ағызып, берекесін тым-ақ алып отырған секілді.

От басында екі әйел отыр. Қатпар бетті қара кемпір жаулығының шетімен көзінің сорасын сүртті де, бақшиып шаңыраққа қарады. Аспан жүзінің түнерген бұлты үрейді ала түсейін дегендей әлденеге түксие қалыпты. Кемпір ауыр күрсініп, аузы күбірлеп, жанында отырған жас әйелге қарады. Жас әйелдің бауырында бесік. Ажарында ауыр қайғының, кейістіктің ізі.

— Ұйықтады ма, сәулем? — деді кемпір.

— Ұйықтады.

Екеуі де үнсіз, отқа телмірумен отырды. Екі ортасында бесік. Іргеден соққан ызғырық жел отпен ойнағандай түтіннің ұйқы-тұйқысын шығарды. Тарамыс саусағы қалтылдап, кемпір бесіктің жабуын қымтай түсті. Бір кезде кемпірдің иегі кемсең қақты:

— Келінжан, не болар екен күніміз?

Жас әйел ақшыл беті сұрғылт тартқан секілденіп, мөлдір қара көзі жаспен көміліп, төменгі ерні әдеттегісінен сәл қымқырыла түскендей боп, үнсіз отырды да қойды...

Жел ызыңы бұрынғысынан да үдеп, жыртық киізді жұлмалап ойнағандай сілкіп-сілкіп қояды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау
7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану
Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0