АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 4 ПКЯЛ тобыны4 студенті Барлыбаева Гульшахат Расуловна Сыныбы: 7а. Пәні: қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Ақын ініме». Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу. Тәрбиелік: Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру. Сабақтың түрі: дәстүрлі. Типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, кесте, сатылай кешенді талдау, әріптер сөйлейді, ойын. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет. Пәнаралық байланыс: тарих. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме?! Отырыңыздар! Сабақта кім жоқ? Үй жұмысына не берілді?