Курстық жұмыс: Экономика | АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған.
Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша- несие саясаты

Кіріспе
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Тауар айналысынң тарихи дамуы процесінде жалрыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалары. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді. Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаңда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де етеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халыктың тұрақты ақша қорын құрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0