Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О6.Оқылым стратегияларын қолдану
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым стратегияларын қолданады:
комментарий жасайды, іріктеп оқиды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Киллер сауысқан

(Көзжендет)

Бұла тірлік атаулыға баз кешірген бұлаң құйрық сауысқан екен...

Бұл болса — сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық сана кеуіп қалғандай.

Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай заман?! Өлі өлексені де, тірі тірсектіні де жұмырына жұқ құрлы көрген емес.

Дәп бүгін де ауладағы молақ шөрке бетінде сыңар сауысқан шықылықтап отыр. Бөтегесі бос. Молақ бетін амалсыз тұғыр еткен түз құсы секең-секең жортақтап, қысқа мойнын соза жұтынып, ұзын құйрығы шоқаң-шоқаң қағады. Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесі қара шалға қос жанары қанжардай қадалулы.

Ақиқатында, қалбиған қара шалға емес, иесінің алдында жатқан қақпыш бастарға көзін сатқан. Бірақ сырғақ сауысқанның қу бас атаулының қабағынан қарауыл қарағалы, көзұясынан жылы-жұмсақ қарбытқалы да көп болды... Балапан кезінен баулынған беймаза құс қой.

* * *

Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі бас та ессіз. Екеуі де шикі, қанды бас. Бірі — арбиған орақ мүйіз арқардікі. Енді бірі – құлағы едірейген көк бөрінікі. Сойылмаған. Бітеу күйі. Көк желкелерінен балтамен шабылғаны көрініп тұр. Бөрінің қасқа маңдайынан қаракөк қылшық пышақтың қырындай көтеріле келіп, шабылған көк желкесінен шорт кесілген.

Екі бас та қаңсып, тістенген қасқа тістері ақсиып, құйқа терілері тұз сіңгеннен қақпыштана кеуіп қалыпты. Жанарлары жоқ. Арқардың жазықсыз жәудірі, бөрінің көк жалыны ғайып болып, орындарында үңірейген қос үңгір қарауытады. Ет жүректі селт еткізер сесті бастар жанары көңілге үрей көлеңкесін түсіреді. Оған бірақ қара шал қыңқ етер емес, еті өліп кеткен сияқты.

Қара шал есік алдына шығып, қорғасындай ауыр бастарды жерге дүрс еткізіп тастай салғанда, анадай жерде тік тұрған жалпақ бет шөрке үстіндегі сауысқан шықылықтап-шықылықтап жіберген еді бағана... Ол қазір қарны ашқанын білдіріп, ащы-ащы шықылық қағып, молақ тұғыры үстінде жорғалап-жорғалап кетеді. Жүрегін жалғар талғажу аңсап, бос бөтегесі бұлтылдап, иесіне ессіз бір көзқараспен еміне түсіп, қиық қанаттарын қозғап, қырандай қомдап-қомдап қояды. Қос басқа сыпсың етіп ұшып-ақ келгісі келеді, бірақ сирағынан сақиналанып салынған балақ бауға ұшталған шығыршықты шолақ баулы ірге бау ешқайда жібере қоймасын біледі. Біледі де бұлтың құс қара шалға мұң шаға, ашу шақыра ащы үн қатады. Ал шал да бір қара тастай болып алған. Кешеден бері құсқа деген ішінде қан қатыпты... Ала қанат болса аштықтан өзегі тала өттеніп, басқа жете алмай топқанат күйге түсіп отыр. Көлеңкеге тізе бүккен иесі болса ыстықтан терін сүртіп, шашын тықырлап алып тастаған тақыр басын жұқа орамалмен жауып алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхатты сипаттау (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхатты сипаттау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтеме)1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақ мақсаттары: 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер.

✅ Қажетті ингридиенттер:

? сүт;
? 3 ас қасық ұн;
? 1 жұмыртқа.

✅ Ыдысқа 3 ас қасық ұн саламыз. Ұнға жылы сүт құйып, қоймалжың күйге енгенше ағаш қасықпен араластырамыз. Қоспаға жұмыртқаның сарыуызын салып, араластырамыз. Масканы жылы күйінде бетке және мойынға қалың етіп жағамыз. 15-20 минут демалып жата тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Көрген өнегесі мен алған тәрбиесінің арқасында адам табысқа жете алады. Баланың жетістікке жетіп, мақсатқа қол жеткізуі – ата-ананың берген бағыт-бағдарына байланысты. Жалпы, табыс деген не? Бақыт, денсаулық, өз еңбегімен жетістікке жету. Осы сөздермен баланы қанаттандыра білген ата-ана баласының еңбегін, жетістігін көре алады. Ата-ана тағы қандай бағыт бере алады?

1. Спортпен шұғылдану

Спорт – табысты адамға таптырмас серігу. Бала мұнда жауапкершілік, топ болып жарысу, топтың намысын қорғау секілді құндылықтарды боына сіңіре алады. Топ болып жарысып жүріп, бала жеңіс пен жеңілістің не екенін біледі. Спортқа деген ниеті бар бала қабілетті болады. Жеңіске жетіп, дандайсып ктепеу, жеңіліске ұшырап, тауы шағылмау.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Ылғалдықты өлшеу бойынша сандық аспаптардың зерттелуін әзірлеу

Кіріспе
Қазіргі таңда әртүрлі процесстерде ылғалдылықты реттеуге арналған
аспаптардың рөлі мен қызметі бәріне белгілі. Қазіргі кезде ғылым, техника
тіпті халықтық шаруашылық саласының ешбірінде ылғалдылықты реттеу
процессінің пайдаланылмауы мүмкін емес.
Бірақ ылғалдылықты реттеу қажеттілікті аспаптар нарығында аса
сенімді және қанағаттанарлық жағдайда емес. Көптеген халық
қолданысындағы аспаптар мен датчиктер қазіргі замандағы техниканың даму
дәрежесіне сай келмейді, сонымен қатар бағасы қымбат, пайдалануға
қолайсыз, көлемі өте үлкен.
Қазіргі даму кезеңінде бүкіл әлемде сонымен қатар біздің елде халық
қолданысындағы барлық салаға автоматтандыру мен компьютеризациялау
тенденциясы жүзеге асырылып, кең қолданысқа ие болып отыр. Осы кезекте
алдыңғы орындарға қазіргі кездегі өндірістік технологиялық процесстер ие.
Осыдан кейін газды ортаның ылғалдылығын
өлшеу процессінің автоматтандыру және де арнайы құрылғылар мен ЭЕМ-дің мәліметтерді
өндеу қажеттілігі туындайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Тұрғын үй және өндіріс ғимараттарының рұқсат ету жүйесін микроконтроллер базасында жасау

Кіріспе
Кодалық құлып күзетілетін тұрғын үйлерге, өндірістік ғимараттарға
бөтен адамдардан кіруінен қорғанудың тиімді құралы болып табылады.
Олардың артықшылықтары қолданудың қарапайымдылығы, сенімділігі,
жоғары деңгейде қорғанысты қамтамасыз ету мүмкіндігі, кодты ауыстырудың
салыстырмалы жеңіл болуы (қарапайым механикалық құлыппен
салыстырғанда). Сондай-ақ тағы бір маңыздылығы, көп көлемді адамдарға
рұқсат етуді көрсеткен кезде кілтті дайындаудың қажет еместілігі. Бірақ
мұндай жүйенің бір кемшілігі қаскүнемдіктерге кодты жасырын көру немесе
оны теріп алу мүмкіндігі. Алайда, кодтың көп разрядты болуы немесе кодты
терудің шектелген саны немесе код теру кездінде сәтсіз болған жағдайда
арасына уақыттық кідірісті еңгізу, кодты теріп алуға кедергі жасайтын
конструкциялық ерекшеліктерінің болуы бұл мәселе өте күрделене түседі.
Сондықтан да соңғы бұны өте ыңғайлы деп атауға болмайды. Берілген
дипломдық жобада микроконтроллерді қолдану арқылы тұрғын үйдің сыртқы
есігіне электронды кодалық құлыпты әзірлеу іске асырылады. Бұл дипломдық
жобада талаптардың бірі болып кодты теру кезінде дабылдық құрылымды
қондыру болып табылады.

1 Техникалық бөлім

1.1 Микроконтроллер негізінде микропроцессорлық жүйені әзірлеу
Микроконтроллердің негiзiндегі микропроцессорлық жүйе (МПЖ)
кейбiр объектiнi басқарудың мiндеттерiн атқару үшiн арнайы енгізілген жүйе
ретінде пайдаланады. Осы қолданудың маңызды ерекшелiгi нақты уақытта
жұмыс атқаруы, яғни белгiлi уақыт аралығында сыртқы оқиғаларға
реакцияның әсер етуі. Мұндай құрылғылар микроконтроллер атауын алды.
МПЖ - ні өңдеушiнiң алдында жобалаудың толық циклын өткiзуiн мiндеті,
қызмет етудiң алгоритмын әзiрлеуден бастап және бұйымның құрамын
комплекстi зерттеуге дейін,тіпті өндіріске қажетті жұмыс жүргізу міндеті тұрды.
Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың
контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма
микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау
керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде
ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын
функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған
талаптарға сәйкестігі анықталады.
Ол деректердiң кірістегі және шығыстағы пiшiмдерiн сипаттап,
контроллерді басқарушы сыртқы әсерлерді бақылайды.
Басқару алгоритмның кезеңдерінің әзiрленуi ең жауаптысы болып
табылады, себебi осы кезеңнiң қатесi әдетте жасалынып бiткен бұйым.
Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың
контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма
микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау
керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде
ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын
функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған
талаптарға сәйкестігі анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Жаңғақ өттегі тасты түсіреді

Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың түр-түрін енгізіп отырған жөн, себебі жаңғақтар — ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек.

Тал жаңғағының құрамында А, С, РР, В тобының дәрумендері, барлық қажетті амин қышқылдары, фосфор, калий, темір, магний, мырыш сияқты минералды элементтер бар. Жаңғақтар клетчаткаларға бай және асқазанның перистальтикасына әсер етеді. Оларды бауыр ауруларында, атеросклерозда және кейбір жүрек-қан-тамыр ауруларында қолданған дұрыс. Бұдан басқа, гастритте қышқылды қалпына келтіреді ......
Кеңестер
Толық
0 0

Матрастағы дақтан құтылудың жолы

Кейде матрасқа қолымыздағы нәрсені төгіп алып, дақты кетіре алмай жатамыз. Әсіресе кішкентай балалары бар үйде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал бүгәнгә таңда матрастың бағасы өте қымбат тұрады. Сондықтан біз сіздерге матрастағы дақтан ешқандай химиялық қоспасыз құтылудың жолын ұсынамыз.

Ол үшін:

- 235 мл сутек тотығы;
- 3 ас қасық ас содасы;
- сабын немесе ыдыс-аяқ жуатын құрал керек.

1. Қоспаны алдын ала дайындап, сақтап қоюдың қажеті жоқ. Өйткені ол көп тұрып қалса, дақ кетіргіш қасиетін жоғалтады. ......
Кеңестер
Толық
0 0