Ағзағаның дабылына құлақ түріңіз

Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестердің жүріп жататынын білесіз бе? Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, оны дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ.
Терінің құрғақтығы
Бұл ағзада Е дәруменінің жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз.

Шаш пен тырнақтың сынғыштығы
Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар. .....
Кеңестер
Толық
0 0

АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты......
Кеңестер
Толық
0 0

Тамақты шаюға арналған кеңес

Күздің алғашқы айымен бірге суық тигізіп алу қаупі де ере келеді. Түшкіру мен жөтелді түрлі ерітінділермен тамақты шаю арқылы кетіре аласыз.

Kөп жағдайда инфекция адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Бастапқыда ауыз қуысы мен тамақтың ішінде болатын инфекцияны шайып шығаруға болады. Тек ауыз бен тамағыңызды немен шаятындығын таңдау керек.

Фурацилин

Танымал фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стақан жылы суға ерітіңіз. Фурацилин ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді екен. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/ қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көрнекілік пен үлгі негізінде 1-2 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Көптеген оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Кейбір оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөзді байланыстырып сөйлейді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сәбидің тісі тез шығу үшін

Сәби алғашқы тістері шыққанда мазасызданады. Ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тамаққа тәбеті тартпайды. Негізінен ағзасындағы өзгерістердің орын алуынан болатын бұл аурулар қалыпты жағдай саналады.

Жас баланың тісі тезірек шығу үшін халықтық емнің сан түрі бар. Назарларыңызға соның ішіндегі ең танымалдарын ұсынамыз.

- Тіс тез әрі оңай жарып шығу үшін тістейтін жұмсақ затты тоңазытқышқа салып мұздатып беру және қолды тазалап жуып, саусақпен қызыл иекке массаж жасайды.

- Таза дәкені салқын суға малып, суын сығыңқырап берсе тістің шығуы жеңілдейді.......
Кеңестер
Толық
0 0

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ТОҚТАТҚАНДА ҰСТАНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

✅ 1. Автокөліктен түспеңіз. ГАИ қызметкерінің мұны талап етуге еш қақысы жоқ. Ол — Қазақстан Республикасының “Полиция туралы“ заңын сізге көлденең тартып, полицияның заңды талабын орындау міндетіңiз екенін еске түсіруі мүмкін. Сіз “заңды“ сөзіне жабысыңыз. Атап айтқанда, оның талабы заңсыз. ҚР “Жол жүрісi туралы“ заңына сәйкес, жүргізуші көліктен шығуға болмайды.Қорытынды: машинадан шықпай, сәл төмен түсірілген терезе арқылы сөйлесу керек.

✅ 2. Бiз жол инспекторының нағыз қызметкер екеніне көз жеткізуге құқығымыз бар(құжаттарды оған тапсырмас бұрын). Сізді тоқтатқан кісінің полиция формасын киіп, қолына таяқ ұстаған алаяқ боп шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ҚР “Полиция туралы“ заңын негізге алып, құжатын көрсетуін талап етеміз. Мүмкіндік болса, толық аты-жөнін, құжат нөмірін бір параққа жазып алуға тырысыңыз. Бұл қарама-қайшылықтарға кез болғанда, керек болады. Бұдан басқа, құжаттағы суреттің инспектормен сәйкес екендігін тексеру қажет. Олар біздің көлік жүргізу куәлігін тексергенде, біздің бетімізге үңіле қарайтыны жасырын емес қой? Біз де солай жасаймыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұрсынбек Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасауды қолға алды.

Карантин уақытында халық үйге қамалды. Ал, жомарт жандар қолынан келген көмекті жасап, қайырымдылықпен айналысуда. Әсіресе, өнер жұлдыздары бұдан қалыс қалар емес. Олардың ішінде Тұрсынбек Қабатов бар.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Өлең жазу (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Өлең жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтемеу) сөз/сөйлем сызбасын оқу, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту, дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар білу керек:
Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Өлеңнің ұйқасын табады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөз еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Көлік жасау | Жүккөтергіштігі 5000 кН бұрғылау

КІРІСПЕ
Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын және тәл үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды қондырғы. Бұрғылау мұнарасының монтаждық қабілеті және оңай орын ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігіне байланысты. Сондай-ақ, бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылаудың тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап төндіруі мүмкін, сол себепті бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптар – оның беріктігі мен сенімділігі. Бұл айтылған талаптармен қатар жұмыстардың тиімділіген және тезедетілуіне ықпал ететін мұнараның технологиялық қасиеттері және мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс.
Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ12,2,041-79 қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі тартпаларды алып қолданғанда қауіпсіз және сенімді болуыға тиіс. Мұнараның құрылысында крон блок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының еденінен кронблокқа дейін сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы және өту алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп – түсіру операциясы кезінде бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды ролик ті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің геометриалық пішіні минималды аэродинамикалық күш тудыратыдай етіп құрастырылуы керек.
Көтеріп – түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша бұрғылау мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көмегімен орналастыратын түрлері болады.
Аяқтарының саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті (мачталы) болып бөлінеді. Мұнаралы мұнарада бар Салман екіден көп, көпбұрыштың төбелерінде орналасқан тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде тормен байланысқан нақты емес төртаяқтары болуы мүмкін. Діңгекті мұнараларда Салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнараның вертикаль жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етіледі.
Мұнаралы мұнаралар иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбырдан жасалған мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды. Конструктивті схемасы әр-түрлі болса, да мұнаралы мұнаралардың кез келген типі өте үлкен қатандықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің моменті әсерінен айналуына кедергі бола алатындығымен сипатталады. Алайда, бір – бірімен жалғастыратын болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнараларының аяқтарында байланыс болмағаны олардың монаждық қабілетін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау мүмкіндігі жақсарады.
Мұнаралы мұнара өзара белдіктермен және иілгіш диагональ орналасқан тартымдармен байланысқан төтр көлбеу орналасқан аяқтардан тұратын төртқырлы қиылған пирамида. Мұнараның төбесінде бүтінпісірілген кронблокасты рамасы, сандал және кронблокасты алаңша орналасқан. Мұнараны құрастыру үшін, кронблокты ауыстыру үшін жіне басқа ауыр заттарды жоғарыға көтеру үшін сандал блок пен жабдықталған. Бұрғылаушы бұрғылау свечаларын қолмен ауыстыруға арналған екі балкон бар. Әр балкон төрт алаңшадан, қалқалардың қаңқасынан тұрады және свечаны орналастыруға арналған басы шарнирлі саусақтармен және ұңғының өсінен тәлдік блок еркін өтетіндей ара – қашықтықты қалдырып, орналастырылған, жоғарыда істейтін жұмысшыларға арналған люлькамен жабдықталған. Алайда, люльканы өте алас орналастыру да дұрыс емес – жұмысшының жұмыс істеу жағдайы нашарлайды. 15 метр биіктікте манифольд тұрағының бұрғылау насосы мен жеңін күту үшін арналған алаңша бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Ақ жейденің көбіне қолтық тұсында сары дақ қалады. Әрине тердің ізі. Ол дақты қолмен жусаңыз да, кір жуатын машинамен жусаңыз да, орны қалып қояды.

✅ Сары дақты кетірудің жолы бар. Сізге керек бір-ақ нәрсе, ол – аспирин (ацетилсалициловая кислота).

✅ Екі таблетка аспиринді ұқыппен майдалаңыз. Ыдысқа (үлкен ыдыс емес, шағын ыдыс таңдағаныңыз дұрыс, өйткені, жарты стақан суды таппай қалуыңыз мүмкін) майдаланған аспирин мен кір жуу ұнтағын салып, үстіне жарты стақан жылы су құйыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, ақ жейдеңіздің дақ тиген жерін сол қоспаға малып алып, ысқылаңыз.

✅ Әбден ысқылап болғаннан кейін осы сұйықтық ішінде жейденің дақ тиген жерін 1-2 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Уақыт өткен соң жейдені қарапайым кір жуу әдісімен жуып аласыз.

✅ Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Нәтижесі сізді қуантады: дақтар «өзінен-өзі» жоқ боп кетеді.......
Кеңестер
Толық
0 0