Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.
Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.
Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Біздің өміріміз белгілі бір заңдылықтарға құрылған. Бірақ кей адамдар осы заңдылықтарға бағынғысы келмейді. Оларға өзгелердің де кеңесі ұнай бермейді, оларға біз мынадай кеңес бере аламыз. Ешқашан ойға келмеген тың идеяларды ойлап көріңіз, оның жүзеге асуын да қадағалаңыз, ойыңызды шындыққа айналдырыңыз.
1. Жұмысты бағындыру
Біреулер таңнан кешке дейін отырып жұмыс жасайды, біреулері пернетақта алдында ұйықтап кетеді, енді бірі жұмыс уақытының 99%-ын бос уақытпен өткізеді де, соңғы 1%-ында бір күндік тірлігін бітіріп тастайды. Кей адамдар жұмыс уақытын белгілі бір кестемен өткізсе, кейбірі бар тірлігін таймермен есептейді. Сіз де өз жұмысыңызды өзіңізге икемдеп алыңыз, ересек адам қалай және қандай жұмыс жасайтынын өзі шешеді.......
Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Әдеттеріңіз қандай, саралап көріңіз. Себебі, әдет кедейлікке де әбден алып келе алады.
1. Өз өзін аяушылық Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу — тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз.
2. Сараңдық «Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату — кедейлік жолындағы екінші әдет. Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды. ......
✅ 1. Айран. Айранмен қыз-келіншектер шашын айына 2,3 рет жуып тұру қажет. Айран шашты тез өсіреді, қалыңдатады. Құрғақ бетке айран жағып тұру қажет. Әрі бетті ағартады.Шашыңызды күріштің суына тұз қосып жуыңыз. 2 күннен соң сусабынмен жуыңыз тез өседі.
✅ 2. Нан сода. Егер тамағыңыз ауырып ангенаңыз көтеріліп жөтел қоймаса 1 бакал қайнаған суды суытып 1шәй қасық нан сода мен тұз қосып тамағынызды шайыңыз. Күніне 2 рет шайып тұрыңыз.
✅ 3. Тұмау тиіп қалдыма онда кешке ұйықтар алдында 2 аяғыңызды ыстық суға салып қойыңыз. Күнде осылай жасап көріңіз нәтижесін көресіз.
✅ 4. Киімдегі дақ кетпи қалса тіс пастаны дақ жерге жағып әбден мыжып ыстық сумен жуып жіберіңіз. Киіміңізге сағыз жабысып қалса уайымдамаңыз. Сол сағыз жабысқан жердің үстіне 1 парақ газетті қойып жіберіңізде үтікті қыздырып басъңыз газеттің үстінен.
✅ 5. Ас үйдегі қазаныңызды тазалап жуу қиындаума? Шағыл құммен, күлмен жуыңыз жақсы кетеді.......
Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.
Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады.......
Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.
Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Кіріспе Объектiлердi техникалық жағдайдын бағалауы және жабдықтың қызмет мерзiмін ұзарту үшін бақылаудың әр түрлi әдiстерiмен оларды кешендi тексеру керек. Конструкциялық материалдар күйінің, әртүрлі физикалық әдістер мен құралдары орналасқан үлкен арсеналы бар қазiргi диагностикасы ақаулықты анақтау міндеттерімен ғана шектелмейді, материалдардың механикалық сипаттамаларды анықтау мiндеттерiн шешуде кеңiрек пайдалана бастаған, және де негiзгi орынды қалдық және ішкі жұмыс кернеулерін өлшеудегі әдiстер мен құралдар алады. Осыған орай бірінші орынға механикалық бұзылулар, металлтану және бұзбай бақылауды байланыстыратын техникалық диагностика әдістері шығады. Мұндай әдістерге бірінші болып шиеленіскен деформацияланған күйді бақылау әдістері жатады. Металл құрылымның басты эксплуатация сипаттамасы - шиеленіскен деформацияланған күй, себебі, кернеу белгілі бір деңгейден артқан кезде құбырлар, өтулер, ғимарат аражабы, жебе және тетiктердi көтерме ақының арқандары және т.с.с. маңызды конструкциялардың ақауына және бұзылуына әкелуі мүмкін , және де электрлік машиналардың айналмалы бөліктерінің сынуына әкеледі. Жұмыс істеп тұрған конструкция залалдануының басты көзі болып коррозияға ұшырау процесі, шаршау және сұламалық интенсивті түрде артатын кернеу шоғырлану аймағы екені белгілі. Эксплуатациялы зақымдануға әкелетін процесстер болып кенеу шоғырлану аймағында (КША) металлдың өзгеруі табылады (коррозия, шаршау, сұламалық). Демек, жабдық және құрылым диагностикасында кернеу шоғырлану аймағын табу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта шиеленіскен деформацияланған күйді бақылау және конструкция бөлшектерінің магниттік диагностика параметрі арқылы жұмыс істеуін бағалау ашық мәселе ретінде қала береді . Улкен қызығушылық өзара байланыста магниттiк және металлдардың механикалық параметрлерiне негізделген болат конструкцияның шиеленіскен деформацияланған күйін жанама магниттік бақылау әдістерінде көрінеді. Өңделген әдістер және металлдың магиттік диагностикалық параметрлері бойынша механикалық кернеуді техникалық өлшеуіш құрылғылар құбыр (құбыр, үшжақты, пісірме қосылыс) конструкция элементтерінің шиеленіскен деформацияланған күйін ерте диагностика жасауда артықшылықтарға ие болады . Жағдайлар қатарында шиеленіскен деформацияланған конструкция элементтер күйін бақылауда магниттік шуларды тіркеу, металлды магниттік анизотроп, коэрциативті күш және металлдың магниттік есте сақтауы үшін техникалық амал қолдануымен жүргізіледі....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем» Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазу. «ъ» белгісі №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу Ж 3.13 Орфографиялық нормаларды сақтау Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау Сабақ мақсаттары: 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады 1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақ тақырыбы: Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу Сабақ мақсаттары: 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады.....
Адамның рухани жан азығы саналатын кітапты оқуға дағдылану әрі оның таңдап-талдап оқу қаншалықты пайдалы болса, оны асыл мұрадай сақтап, күтіп ұстау да соншалықты қажет нәрсе.
Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін, аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін жақсы сақталады.......