100 г алоэ шырыны мен 500 г ұнтақталған жаңғақ және 300 г бал мен 3-4 лимон шырынын жақсылап араластырып, күніне 3 рет орташа қасықпен тұтыныңыз. Бұл қоспаны тамақтан жарты сағат бұрын ішкеніңіз абзал. Сонымен қатар бұл әдіс көзіңіздің жақсы көруін ғана емес, ағзаңыздың дұрыс жұмыс жасауын да қамтамасыз етеді. Көп ұзамай нәтижесіне көз жеткізесіз. Алайда бір ескерте кететін жайт, алоэ өсімдігі жас болу керек (2-3 жыл).......
«Қыстың қамын жаз ойла», «қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» дейді атам қазақ. Қазіргі маусымда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Адамдар үйдің іші-сыртына жөндеу жүргізіп, үйін жылылап, қысқа қамдануда. Пластик терезені дұрыс таңдау да кезек күттірмейтін жұмыс. Өйткені оның пайдалану мерзімі 35-40 жылға созылуы мүмкін. Осындай сападағы ағаш терезе орнатуға да болады, бірақ оның бағасы бірнеше есе қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан пластик терезе орнатқан тиімді. Ол үйдегі жылуды сақтап, үйді сырттағы шу мен күн сәулесінен қорғайды.
Пластик терезелердің профильдері
Неміс өндірушілерінің металпластикалық терезе профильдері жақсы беделге ие. (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka). Профильдің мырышталған болат негізінде жасалғаны жөн, әйтпесе уақыт өте келе саңылауларын ылғал әсерінен тот басуы мүмкін. Өзіңіз білесіз, Қазақстанның климаты қатал, қысы - суық, жазы – ыстық. Ал заманауи технологиялар терезелерді қорғауға көмек береді. ......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын» Сабақ тақырыбы: Рецепт жазу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарыҮ: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу Сабақ мақсаттары:Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз......
✅ Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі. Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.......
✅Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшіш жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.
✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.
✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу. Сабақ мақсаттары: Жарнама плакаттары мен кітапшалар дайындаймыз. Жарнамаға қажет сөздер мен сөйлемдерді жазамыз......
Шыны бөтелкеге 12 бау сарымсақ салыңыз, əркайсысы 4 ке бөлінген болуы керек. Үш стакан қызыл вино құйыңыз үстінен. Аузын жауып терезенің күн түсетін жағына екі аптаға қойып қойыңыз. Күніне 2-3 рет араластырып тұрыңыз. Сосын шыны ыдыстан қараңғы ыдысқа құйыңыз.
Бір ай көлемінде күніне үш реттен 1 шай қасыкпен ішіп жүріңіз. Ағзадағы тұзды шығаратын, жұмыс қабілетіңізді арттыратын, қаныңызды тазалайтын, иммунитетіңізді жақсартатын, қантамырларыңызды нығайтатын бірден бір ем осы.
Жүректі өте мықты қылады, қанды тазартып, ағзаны жақсартады. Артық майларды кетіреді, зат алмасуды жақсартады. Əйелдер ауруларына бірден бір ем. Ағзаңызды оңай əрі жұмсақ жолмен қалдықтардан тазалайды.......
Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар. Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады. Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың ұлағатты сөздері бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр олардың арасынан онының айтқандарын іріктеп алып, бақытқа жетудің жолы деп қарастырған:
1. Өзіңді таны (Сократ).
2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта ( Мәулана) .
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.......