Реферат: Әдебиет | Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы

Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:

Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
“Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.

Сүндет емес кәпірге де берсе азар,
Көңілі қатты, діл азардан құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].

Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады.
Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Денің сау болсын десең (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың- жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Денің сау болсын десең
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар дене тазалығы туралы біліп, түрлерін ажырата алады. Өз беттерімен ереже құрастырады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарық жағдайында фирма стратегиясын жасау

Фирма стратегиясын жасауына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда фирма стратегиясын жасауының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақсаусақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы, Ақсаусақтай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР – ның сауда саясаты

КІРІСПЕ
Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».
2006жылы 1 наурыздағы Қ.Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары экспортты азйтып, импортты жоғарлату жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Анимация жасау. Жобаны жасау кезеңдері (Информатика, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жобаны жасау және қорғау
Сабақ тақырыбы: Анимация жасау. Жобаны жасау кезеңдері
Осы сабақта жететін мақсаттар (оқу жоспарына сілтеме): 5.3.2.2 алгоритмді табиғи формада беру
Сабақ мақсаттары: Алгоритмді жазу жолдарын білу
Жобаның тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айқындау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ИАСАУИ МЕН ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫ

Демократиялық жолмен қол жеткен осынау тәуелсіздік баянды болуы үшін халқымыздың ғасырлар бойғы ұлт мүддесін, мемлекеттігін және рухани тәуелсіздігін қорғаған тәжірибесін парықтап зерттеу көкейкесті мақсатқа айналып отыр.
Қазақ халқы сан ғасырлық даму тарихы бар дәстүрлі мәдениеттің мұрагері. Еліміздің іргесі бекіп, шаңырағы шайқалмас мемлекеттігін нығайту үшін заман талабына сай осы асыл мұраны ел игілігіне пайдалану өзекті мәселе. Ел егемендігінің асыл мұраты, негізгі мән-маңызы рухани тәуелсіздікпен ғана толыққанды жүзеге асары анық.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлік жүйелер мен ақпарат қауіпсіздігі
Сабақ тақырыбы: Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялық», «тұтастық» және «қол жетімділік» терминдерінің мағынасын түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Барлық студенттер түсініктерді түсіндіре алады
* Ақпараттық қауіпсіздік
* Құпиялылық
* Тұтастық
* Қол жетімділік
Студенттердің көпшілігі алады
* бекіту үшін сұрақтарға жауап беру
Кейбір студенттер сыныптастарына қолдау көрсете алады.
Оқушыларды ақпаратты қорғау әдістерімен және негізгі қауіптермен таныстыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсері. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсері. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіру.
Пестицид, гербицид, инсектицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерінің салдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
- пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіреді.
- пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін түсіндіреді. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0