Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимінің бұзылуына алып келеді. Кеш ұйықтау арқылы сіз ағзаңызға күш салып, түрлі ауруларға шалдығу қаупін күшейтесіз. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз.
1. Созылмалы шаршау
Адамда қалыпты ұйқы болмағандықтан уақыт өте келе ағзада ішкі стресс артады. Нәтижесінде, созылмалы шаршау және өзін-өзі қайта қалыпқа келтіре алмау туындайды.
2. Сұлулықтан айырылу
Ұйқы ол әдемілікті сақтау үшін ең тиімді және толықтай тегін тәсіл. Себебі, ұйқы кезінде тері жасушасында регенерация жүріп, ұлпалар қайта қалпына келеді.......
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.
Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды. ....
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ». «Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған. Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады: -сыртқы сауда саясаты жөнінде; -халықаралық сауда саясаты жөнінде. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі. Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм. Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды. Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды. Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды. Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі. Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Кез келген ару бетінің жібектей жұмсақ болғанын қалайды. Алайда ауа райына, терінің типі мен тамақтануға байланысты бетіміз майланып не құрғап кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қанттан жасалатын скрабты қолданған жөн.
✔ Скрабты дайындау жолы:
✔ 1 стақан құрақ қанты мен жарты стақан кокос не миндаль майымен араластырыңыз. Бұл қоспаға қалауыңызша эфир майын қосуға болады.
✔ Дайын болған скрабты ылғалды теріге жағып, сумен жуып тастау керек. Гель не сабынмен жуудың қажеті жоқ.
✔ Қанттан жасалатын скраб басқа әдістерге қарағанда жұмсағырақ болып келеді. Ол бетті тек тазартып қана қоймай, оны ылғалдандырады. Егер бетіңіз құрғақ немесе нәзік болса, осы скрабты пайдалануыңызға болады. ......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратпен жұмыс жасау Сабақ тақырыбы: Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары: 9.1.3.1 Интернеттегі қызметтерді пайдалану арқылы(мысалы, веб-серверге жүктеу) құжаттарды құру, қарау және өңдеуде бірлесіп жұмыс жасау Сабақ мақсаттары: Интернетте құжаттарды құру, қарау және редакциялаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.......
4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.
3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.
2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.
Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Туристік жолды жарнамалау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) О8 Мәтіндердің салыстырмалы талдау жасау Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады......
Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.
Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?
Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.
Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
✅ 3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына келеді. Бұл ғажап.
- Бізге керегі: 1 қызылша, 2 сәбіз, 1 алма. - Бәрін жуып, қабығын аршып, соковыжымалкадан өткіземіз де, шырынды бірден ішіп аламыз. - Шырынның дәмің ерекшелендіру үшін лайм немесе лимон қоссаңыз болады.
✅ Бұл ғажайып сусын, келесі аурулардың алдын алуға жақсы әсер береді: - қатерлі ісікті алдын ала емдейді. - бауыр, бүйрек және ұйқы безін түрлі аурулардан сақтайды, оған қоса ойық жараны (язва) емдеуге көмектеседі. 3. Өкпеге пайдалы, жүректің түрлі ауруларға шалдығуына және жоғары қан қысымынан сақтайды. 4. Иммунитетті күшейтеді.......