Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық
41 -25

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Бойжеткеннің жүрісі)

Ұшып бара жатқандай қалқып қана,
Қолында ма қос қанат?
Қолтықта ма?
Қолаң шашы төгілген хордың қызын
Ей, дүние, үркітпе, қорқытпа да!

Жүзіп бара жатқандай жәйлап қана,
Айдынға да көз тастап,
Айлаққа да.
Қасы-көзі қиылған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Менiң мұңым тек қана, менiң қайғым емес қой)

Менiң мұңым тек қана менiң қайғым емес қой,
Қалғып кеткен қаймана – қаңғып жүрген
Елестей...
Көштi қалай түзермiн,
Естi қалай жиярмын,
Оң жағымнан жел еспей,
Сол жағымнан ел өспей?

“Бетегеден биiкпiн, аласамын жусаннан”...
Көрiне ме көкжиек көз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Алакөл сапары туралы ұсынысты Daniyar Zhanys ұсынғанда, еш ойланғам жоқ. Көрмеген жерім, аңсарым ауды. Бірден “барам” дедім. Дәкең өз ісінің маманы, адалы ғой. Белгіленген күн келгенше екі рет қоңырау шалып, анық келетінімді қадағалады. Оның себебін кейін білдім, жақындағанда белгілі себептермен келе алмайтындар болса, орнын басқа....
Кеңестер
Толық
0 0