Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін -ақ, өзінің белсенділігін,өнерлі халық екенін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырарлықтай айтатын болсақ,әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы.Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына.Рәміз дегенде менің ойыма ең бірінші келетіні,халықтың салт-дәстүрі,ұлты,тілі,тарихы,бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып,көркемделіп баяндалған.Мысалға алар болсақ,біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді.Таза ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің ,тыныштықтың белгісі болған.Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.Тудағы күннің нұры,шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің ,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты,егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани еркешелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақтардың жомарттылығы мен қырағылығын,ой ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-елтаңба.Қазірде біз елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалар мен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып,арқау болып тұрған оның шаңырағы.Шаңырақ-елтаңбаның жүрегі,қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын ошақтың амандығы мен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелер секілді.Елтаңбадағы қос тұлпар бостандыққа,амандық пен бірлікке жетелейді.Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген.....
Шығармалар
Толық
0 0