Балабақша сабақ жоспары: Рәміздер айтысы

Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
- Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
- Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылған. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман -мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елімнің рәміздері мақтанышым!

Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еліміздің мемлекеттік рәміздері

Жұмыр жердегі әрбір тәуелсіз елдің қастерлеп, құрметтейтін, мақтан етіп, асқақтата ұстайтын рәміздері бар.Мұндай рәміздер тек бертін ғана пайда болған жоқ, адамзат баласының ертедегі дүние тарихында да әр тайпа, әр ұлыстың өз таңбасының, белгісінің болғанын археологиялық қазбалардан жақсы білеміз.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа рухтағы рәміздерін қалыптастыруға, дайындап жасауға шын мәнісінде әр қазақстандық үн қостық десек, асыра айтқандық болмайды. Мемлекеттік тудың үздік жобасына бәйге барысында 600-ге тарта ұсыныс жасалынған. Солардың ішінде суретші Шәкен Ниязбековтың жобасы лайық деп танылды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн , оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабанның тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.Тудың ені мен ұзындығының қатынасы – 1;2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Призиидентінің резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі тусті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мынадай жерлерде тігіледі немесе орнатылады:
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің ,Қазақстан Республикасы Үкіметінің , Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері ме өзге де орталық атқарушы органдары. Қазақстан Рнспубликалық Мемлекеттік туы: Конститутциялық Кеңесінің, Жоғарғы сот,Бас Прокуратура, Ұлттық Ғылым академиясы, мәслихат, дипломатикалық және сауда өкілдіктерінің,консулдық мекемелерінің ғимараттарында – ұдайы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері

Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту - ата-ана тәрбиесінің әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен мақұрым болатын. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары», деген мақал осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. «Шежіреші» деген даңқты атаққа ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың «жетпіс жеті атасын тарататын» жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынаы өткен ірі оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, қазақ шежірелері 7-ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, іағы басқа жамау-жасқаулар да бар ....
Рефераттар
Толық
0 0