Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн – елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін. «Аспаннан құлап қапты – анау жерде Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін. «Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін, ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», - міз бақпай мелшиемін, түбі солай боларын білгендей-ақ күнібұрын. Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым, басылды неге бұлай күрт арыным?....
Қоңырқайлау өтуде күз кештері, дос дегендер қанша күн жүздеспеді; шарттылықты немесе шақыруды былай қойып, келмейді іздеп сені. Жарқыл қағып келетін жандар бұрын ....
Биіктерге қомдайтын қанатыңды, түседі еске кей жәйлар бала күнгі. …Ағамменен жарыса домбыра алып, тартқан болам «Абылды», «Нар атуды». Төкпе күйлер талдырып саусағымды, бірақ құрбыластарым тамсанулы. Тым жасаңдау болсам да, сол әуендер ....
Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.
Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!
Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.
Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.
Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.
Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....