Әлем чемпионаты кезінде Бразилияда болатындар үшін сақтық шаралары айтылды

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жол тартатын тілшілерге сақ болуды ескертті. Бұл туралы орталық ресми сайтында хабарлаған.
KZ
Толық
3 -2

Реферат: Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы

Ресми іс қағаздар тілі- әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі болғандықтан әдеби тіл деген мәселеге де тоқтала кеткенді жөн көрдік. Әдеби тіл- жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі- көркем әдебиеттің, ғылымның, іс- қағаздардың, өнер- білімнің, баспасөздің тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениет арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі.
Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфографиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуға тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек.
Жазба әдеби тіл қоғамның мемлекеттің ресми тілі болғандықтан оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар
1) Ресми іс қағаздар тілінің стилі;
2) Публицистикалық стиль;
3) Ғылыми – көпшілік әдебиет стилі;
4) Көркем әдебиет стилі;
5) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі;
Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста болады. Себебі әдеби тіл халық тілі байлығының негізәнде толығып, кемелденіп отырады да, халық тілі де өз есебінде әдеби тілдің ықпалы арқылы көркемденіп, дамып отырады. Кез-келген қоғамдағы мәдениетті адам әдеби тілде сөйлеуге тырысады. Дамыған, өркениетті мемлекетте бұл – жалпыхалықтық дәстүрге айналады. Осының нәтижесінде қоғамда әдеби тілдің жазба түрі және сөйлеу түрі пайда болады.
Тілді дамытып жүйеге салуда, сөздерді ұтымды пайдаланып, тіл шеберлігінің жаңа үлгілерін тудыруда, тіл мәдениетін дамытуда жеке адамдардың, сөз өнері шеберлерінің ерекше әсері, рөлі болғанымен әдеби тілді жеке адамдар жасамайды. Сөз өнері шеберлері белгілі бір кезеңдегі әдеби тілді жаңа сатыға көтеруге ықпал еткенімен қазақ әдеби тілі қазақ жерін мекендеген халықтың тіл байлығын шебер, ұтымды пайдалана білуі, дамытуы, қалыпқа түсіруі негізінде жасалды.
Қазақтың халық болып құралған шағы 15 ғасыр екені тарихтан белгілі. Бірақ бұдан қазақ әдеби тілі де сол кезде қалыптасты деген ұғым тумауы керек. 15 ғасырға дейін түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштер де, әдеби тіл де болған. Бірақ күллі қоғамға қызмет ететін, қоғамда қарым – қатынас жасаудың жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі бірден қалыптаса қойған жоқ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздар тілі

Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ак пайдаланылған.
XIX гасырдың аяғында жүргізген сынак бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болган. Бүл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегендегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылган. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт окілдерінің 81,1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазакша) газет шыгару және сол газеттерді ("Дала уоләятінің газеті, 'Түркістан уәләятінің газеті) қаржыландырып түру қажеттілігін туғыз-ды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз — жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазактар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасьның маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сойлейді. Кейде, тіпті сотта да солай әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның 1-ші Конституциясы бойынша казақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып табылады. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақсган Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Қазақстан Республиканың Ұлттық Банкі-Қазақстан Республиканың орталық банкі болып табылады,әрі ҚР-ң банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Республиканың президентінің «Ұлттық Банк туралы» заң күші бар. Ұлттық банк өз қызметін ҚР үкіметімен ұйлестіреді және онымен ұдайы консультация өткізіп отырады.
ҚР ҰБ өз қызметінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің қызметін орындауы мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Орталық банк елдің эмиссиялық,резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жұйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын,тауар – ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымыне оныың құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
ҚРҰБ ҚР-ң заңдары негізінде және оларды орындау үшін өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, ҰБ берген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттері бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар ҚР-ң аумағында міндетті түрде орындайтын нормативтік актілер шығарады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкешоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар занды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйккес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеті-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы

Әлеуметтік қызметкерлер мен соған сәйкес әлеуметтік қызметтердің тарапынан ерекше назарды жастардың делинквентті топтары алады. Естеріңізге сала кетейік: делинквент (лат. – құқықбұзушы) – мінез-құлқындағы теріс қылықтардың шектен шығуы қылмыстық жазаланатын әрекет. Жастардың делинквентті тобы – қорқыту арқылы және криминалдық кіші мәдениетті бойына сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердің құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін құрған бейресми бірлестіктері.
Бұл құбылыстың ауқымы туралы жанама түсінікті республикадағы қылмыстық статистиканың мәліметтерінен көруге болады. 1991 жылы тек жасөспірімдерден тұратын топтар 5832 қылмыс жасаса, 1992 жылы - 5525, 1993 жылы – 4616, 1994 жылы – 4269, 1995 жылы – 3277 қылмыс жасаған; ересек адамдармен бірігіп, 1991 жылы – 2506, 1992 жылы – 2871, 1993 жылы – 5507, 1994 жылы – 4205, 1995 жылы – 3740 қылмыс жасаған. Қазақстанның криминологтары топппен жасайтын қылмыстардың жастар арасында өсуін атап отыр; егер 1997 жылы 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың 12058 қылмысы анықталса, 1998 жылы – 14582, 1999 жылы – 14822 қылмысқа өскен. ....
Рефераттар
Толық
0 0