Кіріспе 1.Психология дегеніміз бұл сыртқы дүниедегі объектілерді немесе оқиғаларды қабылдауда, өз дегенімізді сезінуде, ойлау процесімізде де, тілектеріміз бен әсерленуіміз де және тағы сондай. Психика сергек кезімізде ғана емес, ұйықтап жатып түс көргендей алуан түрлі бейнелер түрінде де көрінеді. Сонымен бірге психиканың өзінің тиянақты бейнесін құрағанда өзіміздің қабылдауымыздың дәрменсіз екенін және осы құбылысты тікелей бақылауға сүйенуге сенімсіз екенін білеміз. Психиканы түсіндірудің тағы бір танымал тәсілі оған мидың немесе жүйке жүйесінің функциясы деп анықтама беру яғни психикаға қарағанда белгілі бір зат деп қабылдауға болатын нақты физиологиялық органмен қиюластыру. Дененің барлық тілдерінен нақ жүйке жүйесін бөліп алып, біз психиканың кеңістікте оқшаулап алғандай боламыз да оны организмнің басқа процестерінен шектейміз.....
1. ЖЕКЕ АДАМ ТҮСІНІГІ Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты. Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта болады. Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын комцепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда. Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да оның көрініс тапқан . Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы турушы биологиялық түйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен бағытталып отырады. ....
Әр түрлі аурулардағы белгілердің қосарлануы кездейсоқ емес. Әрбір ауруда белгілер түрліше қосарланады. Синдром – жалы патогенетикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер ауысуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Басқаша айтқанда әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады (И.В. Давыдовский). Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың өрісін анықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады. Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромдарды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте зор. Дұрыс диагнозсыз ауру адамға жедео көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамды (қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады: сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы. Сананың бұзылуының өзіне тән белгілері бар. Мысалы, делириозды ой алжасуында айналадағыларды танымай, қай жерде, қай уақытта екенін білмей, әр түрлі елестеушіліктер, алдымен көру елестеушілігі, сандырақ ойлар болып, жүріс тұрысы қозады. Басқа ой алжасуында да өзіне тән белгілердің қосындысы болады. Бұларды ой алжасу (не сананың бұзылуы) синдромы дейді. Ой алжасуынан басқа ой алжаспау синдромдары болады. Оған төмендегілер жатады.....
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады. Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi. И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек, мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн ерекше атап керсетедi. Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша, түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де, заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз. Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi. Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн болмас едi.....
Кіріспе. Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы, яғни оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті қалыптастыруы болып табылады. Оқуды бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі үшін қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс екендігі, толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз (мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлуі, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген.Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн.Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі.Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады.Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады. К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады.Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады.Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты.Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады.Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады. Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән. Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург,Д.Уэллер) төмендегідей: «Айна» Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі.Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады.Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап алған маңызды. Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да, саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады. «Кеңістікте сурет салу» Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын «сурет кеңістігіндегі» (ауада) көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды. ....
Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді. Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет: 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; ....
Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері»деп айшықтап,меншіктеп атауымыздың мәні бар.Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, зерттеліп келеді.Шешендік сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнер саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады -деп Квинталиан айтқан екен.Шешендік өнер-адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі.Сондықтан шешендік өнериен оның тарихы адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.Көне дәуірде б.з.б Y-IY ғасырларда Грецияда басталып,Римде б.з.б бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскеншешендік өнерінің гүлдену кезендерінің тарихы әлемге әйгілі.Өйткені сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнер өркендеп қана қойған жоқ,шешендік өнер туралы ғылымның риториканың да негізі қаланды.Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені,саяси қайреткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып,жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Шешендік дәстүр,шешендік мектеп бізді бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек,артық айтқандық емес.
Халықтың өмірі,тарихы,елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегіненжыр-дастан,өлең-ән,ертегі-аңыз,күмбірлеген күй болып төгілді.Табиғатынан көзі ашық,көкірегі ояу,өзінің кең жазира даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп,ұрпақ санасына сіңістіріп,болашаққа мәңгілік өлмейтін мұра қалдырды.Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.....
Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні — адам психиқасының жас ерекшелігі динамиқасы, даму үстіндегі адамның психиқалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас: ерекшелігі психологиясы психиқалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогиқалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты. Педагогиқалық психологияның пэні — оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогиқалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық ироцестерінін қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуынын шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардық өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлар мен қоса, педагогиқалық психология оқушыларға жеке дара қатыінас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді. Педагогиқалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі — бала, жеткіншек, жас өспірім — ортақтығымен үсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамиқасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілрі, ал егер педагогтын мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогиқалық психологияньщ объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы — жас ерекшелігі пснхологиясынын бөлімдері. ....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....