Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Баяндама: Проблемалық ситуация негізінде оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік
–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау
жөнінде нақты.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.
Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3).
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М.Қашқари және т.б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Т.Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ.Аймағамбетова, Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ашық сабақ: Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру

САБАҚ: №29
Қазақ бейнелеу өнеріндегі портреттік жанр Мектеп: Тексерілді:

Күні: Оқытушы:
СЫНЫП: 5 сынып Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға қазақ халқының бейнелеу өнері туралы түсіндіру
Ашық сабақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.
Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.
Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.
Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған.
Әрбір адам өзінің өмір жолында «абыройым төгілмесін» деген әрбір адам мына бір аса қажет ақиқатты-көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Ол
- адамгершілік мінез-құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларын әрқашанда да ықтиятты болу.
Әл-Фараби бабамыз білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.
Мұның өзі көпқырлы, терең сырлы дүние, оның мәнін, табиғатын тануға арғы-бергі замандарда әр елден шыққан талай-талай данышпандар аз көңіл бөлмеген. Бұл жұмыста адамзаттың кісілік жаратылысын сипаттайтын нәзік те келісті әрі күрделі құбылыстың тұңғиық терең табиғатын, мәнін, жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттарын, алуан тұрлі көріністерін, олардың озық үлгілерін ата мұраға адал осы замандық жас ұрпақтың бойына дарыту жолдарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыруды, сол арқылы мәдени мінез-құлықты қалыптастыратын мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу мақсатын көздейді.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.
Зерттеудің нысанасы: Мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлқының қалыптастырудың жолдары.
Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
Зерттеудің әдісі: Психологиялық-педагогикалық талдау, балаларда мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы

К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен , салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін, ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің «Интеллигент –это человек который несет свет»-деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
• Оқу – тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
• Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
• Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0