Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дайындаудың әдістемесі

Ауыр атлетика - спорттың олимпиадалық түрі. Ол дүниежүзінің көп елдерінде жақсы дамыған және біздің Отанымызда да көпшілікке кеңінен таралған.
Спорттың кеп түрлерінде ауыр атлетикалық жаттығулар көмекші ретінде қолданылып жүр. Ол жаттығулардың дені адам организміне сауықтыру әсерін тигізеді.
Күрделі ғылыми мәліметтер, машыктандырудың тиімді әдіс-тәсілдері, ауыр атлеттерді ерте мамандандыру мәселелерін зерттемелеу, спортшылар организмін қайта қалпына келтірудің жаңа амалдары және т.б. Тек қана клас- сикалық жаттығуларды және машықтандыру тәсілдерін оңтайландыру зерттеме жасауға мүмкіншілік берумен бірге олардың физиологиялық негізін қалайды. Ал мұның спортшы нәтижелерінің ілгері дамуына игі ықпалын тигізері сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық процесті ұйымдастырудағы іс-әрекетінің ерекшеліктері

Кіріспе
Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың басты міндеттері ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыруды ұсынды. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің рөлі зор. Мектептің басты міндеті – жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі және батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына байланысты. Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысын оқыту мен тәрбиелеуге ынта-ықылас білдіруі және атқара алуы оларға оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделілігі мен жауапкершілігі талап етіледі. Бұл мүмкіндіктер Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Е.И.Ильин, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин секілді жаңашыл-педагогтар ұсынған “педагогикадағы ынтымақтастықтың” негізгі идеялары мен принциптерінде тұжырымдалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері

Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасыныі нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдар....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Шаханов поэзиясы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді.
ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды.
Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады.
Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі - ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері.
Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді.
Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік.
Мақсаты мен міндеттері. М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық:
- ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу;
- ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;
- туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу;
- шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы;
- махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету;
- ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.
Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік.
Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады.
Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік.
Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі.
Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі.
1.2 М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік.
Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз.
Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.
Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің» деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің принциптері

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.
Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту мақсатында жасалған.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спортшыларға алғышқы медициналық көмек көрсету түрлер

Зерттеудің өзектілігі. Жоғары оқу орындары бағдарламасына дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтар сабағының кіруі жеткіншек ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және оларды болашақ еңбек шеберлігіне баулуға атсалысу керек.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 19.XI.97 жылғы өзінің "Қазақстан халқына жолдауында" былай деген:
"Біздің азаматтарымыздың салауаттылығына эканомикалық деңгей өздігінен кепілдік бере алмайды. Онда адамдар өз денсаулықтарына дұрыс кеңіл белмеу нәтижесінде жылдан-жылға аурушаң болып бара жатқан сондай бір жанданған эканомиканы көз алдыңа келтіру қиын соқпайды... Біз ез азаматтарымыздың бүкіл ғұмырлары барысында дендері сау болуы үшін барған сайын күш жұмсай түсуіміз керек".
Дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтардағы оқытушылардың алдындағы негізгі тапсырма: жаттығушы ағзаны жеткілікті пайдалы дене қимылы жаттығуларымен қамтамасыз ету, денсаулықты қалпына келтіруге ат салысу және жетік маман иесі болумен қорытылады.
Тәлімгерде дене қимылы жаттығулары дәрісінің әдістемелік (маңыздылығы) ерекшелігі студенттер арасында жиі кездесетін ауру түрлерінде айқындала түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өндіріске кеткен шығындар есебі

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» жөніндегі заңға сәйкес барлық шаруашылық ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті тиісті ұйымдарға ұсынуға міндетті. Оның ішінде ірі бизнес өкілдері үшін халықарылық қаржылық есептілікке сәйкес есеп жүргізу мен есептілікті құрастыру міндеттелсе, орта және кіші бизнес өкілдері үшін ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есеп жүргізу міндеттелген.
Бухгалтерлік есеп өндірістің жағдайын, экономикалық тиімділігін анықтап, негізгі міндеттерін нақты сипаттайтын бірден –бір ақпараттық жүйе. Қазіргі қалыптасқан дағдарыстық экономикалық қатынастар жағдайында елбасымыздың халқымызға жолдауының бағыттарын ұстанып, өндірістік салада өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымынын неғұрлым азайтып және өзіндік құнды дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0