Адамның табиғатқа деген махаббаты әрине шексіз.
Қылқалам шеберлері, ақын – сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін
өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан.
Өнер -
өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы.
Өнер -
өмір көрінісі, ол халық ескерткіші.
Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы – қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді.
Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық
шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін – оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «
өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде
өнер деген жалпы ұғым болса, ал «көркем
өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.
Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да - халықтың өзі.....