Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

КІРІСПЕ
Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы.
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың ұйытқысы [1].
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңының 1-бабында неке деген ұғымға мынадай түсінік берілген:
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ [2].
Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС) өтеді. ЗАГС арқылы некеге тұру (тіркелу) қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу соның негізінде, сот арқылы шешіледі.
Қалай болғанда да, некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға еркін жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Отбасылық құқылық қатынастар

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын АХАЖ мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0