Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі. Нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірі – күздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату. Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау. Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азық-түлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы. Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақ-климат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылма-жыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда. Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады. Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады. ....
Біздер Іле, Қарасай, Талғар аудандарының және Шелек аймағының имам-молдалары өз әл-қадірімізше халыққа қызмет жасап келген едік. Арамыздан Әбсаттар қажының қолынан алғыс алғаныда, халықтан марапат көргені де болды. Облыс имамыменде сыйластық, аудан имамымызда жағдайымызға қарасатын еді. Анда санда ақша жинау бар еді. Оны сыйлық деп өз ризалығымызбен беретін едік. Қой оларда дінге қызмет жасап жатыр ғой бала-шағасы бар ғой деп. Ал жақында мүфти ауысып....
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын әлеуметтік желіде жан-жақты жариялап ең көп репост жинаған үздік жарияланым номинациясы бойынша конкурстың ЕРЕЖЕСІ 1. Конкурсты ұйымдастырушы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы. 2. Жалпы ереже Конкурсқа әлеуметтік желінің белсенді блогерлері....
Сарыағаш ауданының "Ақтөбе" ауылдық округы аумағында, бұрынғы Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшарда алғаш рет ірі көлемдегі топырақ зерттеуі 1967 жылы өткізілді. Топырақ түсірілімінің негізгі мақсаты топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық мақсатта жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға бағытталған іс-шаралардағы қажеттіліктерді анықтау болып табылады. Топырақ материалдарының ескіруіне байланысты 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының инженер – топырақтанушысы Г.Қамбаровтың басшылығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Ақтөбе" ауылдық округы аумағындағы үлгілерді паспорттандыру және іріктеу мақсатында топырақ материалдарын жаңарту үшін топырақ зерттеуі жүргізілді. ....
Министрлер мен әкімдердің жалақысы қанша? Бұл халыққа соншалықты құпия ма? Қазір жариялылық заманы десек те, айлығын жұрттан жасыратындар да, оны құпия қылмай еркін айтатындар да бар. Бірақ халыққа олардың қанша алатыны қашан да қызғылықты деп жазады "Айқын" басылымы.