Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Жолаушы жолға шыққанда

Баяғы қазақ: «Жолаушы үйден қырық қадам ұзап шыққасын-ақ басына мүсәпірлік түседі» депті. Кім біледі, қазіргідей алдында алақанын тосып, ас-суын әзірлеп күтіп тұрған қонақ үй болмағасын сыбай-салтаң шыға қалған салт атты жолаушы үйінен қырық қадам ұзап шыққасын күні мүшкіл болса болатын да шығар. Айтса да: атына жем керек. Талықсып кеп тоқтаған жерде өзіне де бел шешіп қонатын, түстенетін баспана керек. Бір қырдан ассақ тағы сондай бір қырық алдыңнан тосып тұратын осынау ақыраған сары далада жалғыз атты жолаушыға жөні түзу жолдас кездесе ме? Бұйрат арасынан бұлаң еткен бір сүрлеуге түссең бас еркің қолына тигесін бұйдаңнан жетелеп әрі-бері тәлкек қылады. Жапан түзде жолыққан жалғыз кісіні о да басынып, қылжақтап мазақтайды, мазақтайды да, ақырында бір шағылдың шетіне келгесін көк көдеге құйрығын шаншып алып ырғалақтаған ақ ши арасына сып беріп кіріп ізінен адастырады да кетеді. Сен ат үстінде ақырып тұрасың да, тебініп қайта жүресің.

Жә, бір кезде солай болған. Ал, қазір ше? Жапан түзде жалғыз жорытқан кісінің көңіл-күйін құлазытып бітетін жұтаң сезім қазіргі жолаушылардың басында бола ма екен?

Рас, біздің ата-бабаларымыздың заманында адам баласының аяғы қысқа болды. Үйде де, түзде де мешеулік басына түсе бергесін қыс — қыстаудан, жаз — жайлаудан ұзап шықпаған. Ат жетпес, атан жетпес алысқа жалғыз-жарым кісі болмаса, қалған қазақ мал өрісінен аспапты ғой. Ілгеріректе жасаған бір атамыз айтыпты деген бір сөзді осы жұрт әлі күлкі қылады. Сол атамыз дүние салар шағында мақүлдасуға жиналған ағайын-тумасына қарап отырып: «Өмірде арманым жоқ, тірлікте мен бейбақ не көрмеді дейсің?! Бұл ағаң жер түбіндегі Аралға да қыста тоң балық тасыған кірешілермен ілесіп барып қайтты ғой», — депті. Ол кезде бақұлдасуға жиналған кісілердің бәрі «рас қой, рас қой» деп мақұлдап-шұлғыпты дейді. Ал, қазір күледі. Неге? Заман заманға күле ме? Адам адамға күле ме? Әлде бұрынғы ұрпақтың басындағы мешеулік пен мүшкілдік бүгінгі болған-толған шақтағы мырзам сыған жандардың жүрегін аяныш шақырудың орнына менмендік оята ма? Өткеннің бәріне күле қарау болған-толғанның белгісі ме? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрлан Өнербаев (1961 жылы 4 қараша)

Нұрлан Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. Ол өнер жолын театр әртісі ретінде бастағанын тыңдармандардың көпшілігі біле бермейді. М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірген жас актер әкемтеатрда 10 жылға жуық уақыт қызмет етіп, 15 шақты қойылымда ірілі-ұсақты рөлдерде ойнады. Театрда жүрген кезінде ән айтуға ден қояды. 1984 жылы сахнаға алғаш ән айтып шыққан әншінің бүгінде 300-ге жуық әні бар. Олардың арасында «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндері, сондай-ақ халық әндері «Дудар-ай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері халық арасында жақсы танылды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Есеп комитеті төрағасының мәліметі Нұрсұлтан Назарбаевқа аса жақпай қалды

Нұрсұлтан Назарбаев бюджет ақшасының қалай жұмсалып жатқанын тексерді. Бірақ, Ақордаға шақыртылған Есеп комитеті төрағасының мәліметі президентке аса жақпады деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Әбдіжәміл Нұрпейісов

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

Мазмұны

1 Өмірбаяны

1.1 Тегі

1.2 Өмір жолы

2 Марапаттары

3 Шығармашылығы

3.1 Қан мен тер

3.1.1 Экранизация

3.1.2 Ескерткіш

4 Дереккөздер

Өмірбаяны

Тегі

Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Нұрпейіс келіні Дина

Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған.

Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты

Сенат депутаты әрі танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт парламенттегі әріптестерінің маңызды отырыстарда не себепті қалғып кететінін түсіндірді деп жазады nur.kz "Желмая" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде көптеген депутаттармен етене жұмыс істеп жүрген Дана Нұржігіт олардың үлкен жиналыстарда қалғып кетуінің себебін ашып айтты. Тележүргізушінің сөзінше, мәселе жиында сөйлеп тұрған баяндамашыға тікелей байланысты. ...
Жаңалықтар
Толық
0 0