Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу 3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну Сабақ мақсаттары: Оқушылар • «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу; • өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; • өз шығындарының "төлқұжатын" құру.......
Кіріспе. Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады. Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады. Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. ....
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты Оқу мақсаттары: 2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау. Сабақ мақсаттары: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.......
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстырудың маңызы 1.1 Туған өлке тарихы және ұрпақ сабақтастығы XXI ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым сапасында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы соңғы 15 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарда, стандар талаптарында көрсетілген.Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің трихы аз жазылған, топық зерттелмеген мәліметгер көп. Жас ұрпаққа бабаларымыздың ерлік ісін, ұрпақ сабақтастығын терең танытатын тарих немесе жеке зерттеу еңбектер көптеп жазыпса, білім кеңейе түсер еді.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер Сабақ тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау 7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру 7.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау 7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін бағалайды.
Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт. Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді. Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы. Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын. Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды. Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы. Рәби'ул-әууәл (ай календары бойынша) айының он екінші түні. Піл оқиғасынан кейін арада елу-елу бес күн өткен. ....
БҮГІНГІ әлемдегі мәселелердің ішінде Қазақстанға да қатысы бар мына бір көкей¬кесті проблема бой көрсетіп тұр. Мәселе адамзатты тұщы сумен қамтамасыз ету туралы. Халықаралық сарап¬шылардың соңы болжамдары бойынша, ХХІ ғасырдың аяғына қарай әлемде ауыз су энергетикалық және шикізат ресурстары сияқты ең құнды ресурсқа айналады. Өйткені, Жер шарын¬дағы су қорларының 97,5 пайызы ащы су да, тек 2,5 пайызы ғана тұщы су, ал оның өзі іс жүзінде мұзарттар мен жер асты қойнауларында шоғырланған. Ал адамзатқа қолжетімді өзендерде, көл¬дерде, су қойма¬ларындағы сулар жер үстін¬дегі судың 0,007 пайызын ғана құрайды. Мамандардың пікірі бойынша, 2015 жылға қарай Орта және Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Солтүстік Қытай үшін ауыз суды бөлу негізгі мәселеге айналады. Сарап¬шылардың пікіріне қарағанда, болжамалы болашақта бұл мәселе шетін сипат алып, әртүрлі шиеленістердің көзі болып, таяу арада адамзат үшін аса өзекті мәселеге айналады. Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық-саяси өмірінің саяси, әскери, экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзін¬дік ерекше ахуал қалыптасты. Және олар бір-бірімен өзара тығыз қатынастар жүйе-сінде. Міне, дәл осы фактор қазіргі әлем келбетінің ерекшелігін бейнелейді әрі оның дамуын ынталандырады. Сондықтан, қазіргі жаңарған әлемді капитализм дамуының экспансионистік логикасымен, америкалық бұқаралық мәдениеттің әлемге жаппай таралуы¬мен немесе әскери экспансиямен түсін¬діру біржақты, жеңіл әрі тар өрісті болып табылады. Қазіргі кезеңдегі әлем дамуының жаңа кезеңін тану және білу үшін осы заманғы жаһандық, әлемдік құбылыс¬тардың жай-күйі, олардың өзара қимыл бірлігі мен байланыстарының динамикасын тереңнен пайымдау қажет. ХХ ғасырдың аяқталуымен саяси басқару мен дүниежүзілік саяси ұйымның негізгі нысаны болған империялардың орнына халықаралық реттеу мен басқарудың көп¬салалы, тарам-тарам аймақтық және әлемдік жүйелерімен бірге олармен көп салалы байланыстағы ұлттық мемлекеттердің де қалыптасқан жүйесі келді. Егер бұдан бұ¬рын¬ғы тарихи дәуірлерде дүниеде барлық, немесе көпшілік батыс елдерінің гегемо¬ниясы орын алса, бүгінгі дәуірде дара әлеует¬ті гегемон қалды. Ол – АҚШ.. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Сабақтың тақырыбы: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет Оқу мақсаты: Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы Сабақтың мақсаты: 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау; 10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын қолдану......
Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет – ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі түрде зерттеп – зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Сол кезден бастап сахара жұртының әдет заңдары хатқа түсіріліп, оларды іздеп, жинау, жарияланған – зерттеу ісі бірте – бірте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер көшпелі қазақ әдет – ғұрып заңдарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік береді. Сахара жұртының әдет құқығын зерттеуді осы уақыттан бастап алғанда шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар Ресей өкіметі кезеңінде әдет заңдарын жинап, жариялау, Кеңес дәуірінде оларды зерттеп – зерделеу қазіргі таңда ғылыми сарапқа алу. Ресей империясы тұсында әдет – ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдет заңдары көшпелі қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректер жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды. Сондықтан бұл кезеңде әдет құқығы нормаларын іздестіріп, жинауға, оларды дұрыс ұғынып, түсінуге көп мән берілді. Екінші жағынан, ол нормаларды патшалы Ресей заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы келмейтіндерін қолдап, пайдалануға, ал қарсы келетіндеріне шектеу, тосқауылдар қойып, не оларды өмірден аластату шараларын іске асыруға көңіл бөлінді. Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан іске асты. Әрине бұл жайт осы уақыттағы қазақ әдет – ғұрып құқығының жариялану және зерттеліну барысына әрі деңгейіне әсер етпей қалған жоқ. Тіпті, жеке – дара зерттеушілердің өздерінің еңбектері де әдет заңдары жайлы ресми органдардың бағыт – бағдарын, сарынын және бағасын ескеріп отыруға мәжбүр болды. Халқымыздың құқықтық болмысы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап жан – жақты зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің ең алғашқыларының бірі- А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген атақты монографиясы. Оның еңбегі сол ғасырдың басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан – жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды. Оның ішіндегі аса құндылары әйел құқына байланысты: құдалық, қалың мал, үйлену әдет – ғұрыптары, өлікті жерлеу, ас беру салттары мен Тәуке ханның әйгілі “ Жеті Жарғысы ” жайындағы сипаттамалары болып есептеледі. 19 ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған Ф. Лазаревский, Ы.Алтынсарин, В. плотниковтың, И. Ибрагимовтың еңбектерінде де әйел құқықтары жөнінде көптеген қызықты деректер келтірілген. Торғай облысының әскери губернаторы генерал – лейтенант Л. баллюзек жариялаған еңбектегі қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың оқыған ....
Ежелгі егіншілер мен бақташылар. Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді. Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды. Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері — шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі — орасан зор территорияға тарағанын анықтады.....