Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет Сабақтың тақырыбы: Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы 2-сабақ Сабақтың мақсаты: ҚР –ның мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын сипаттау Оқу мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау; халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру; ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау; халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын қолдану.......
Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді. Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды. Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады. Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі Сабақ тақырыбы: Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан 1-сабақ Берілген сабақтағы іске асырылатын мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау 5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру Сабақ мақсаттары: Ежелгі рим мәдениетінің ескерткіштері негізінде римдік қоғамды сипаттау ......
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады......
“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы. Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады. ....
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім» Сабақтың тақырыбы: Бізге мектеп ережелері не үшін қажет? Біздің сынып үшін қандай ережелерді енгізуге болады? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.1.4.4. Ұсынылған үлгі бойынша сұлба құру. 1.1.5.11. Қарым-қатынастың түрлерін білу. 1.1.5.7. Өзінің рухани, моральдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу. 1.4.3.1. Мектепте тәртіп ережелерін сақтау. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Мектеп және сыныптағы тәртіп ережелерімен танысады. Көпшілігі: Өз тәртіптерін құрдастарымен салыстыра біледі, топтық жұмыс ережесін сақтай алады. Кейбір оқушылар: Ойын барысында тәртіп ережелерінің маңызын түсініп, оның орнауына ықпал жасай алады..........
Бұл ескерткіштің ашылуы Қазақстанның ғана емес, жалпы далалық Еуразияның археология тарихындағы қола дәуірінің жәдігерлерін зерттеу ісінде жаңа белестердің бірі болды. Бұл мақала Беғазы қорымы мен оның төңірегінде кейінгі жылдары жүргізілген ізденістердің барысын баяндауға арналған. Бүгінгі таңда қорымда жүргізіліп отырған ғылыми тұрғыдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Беғазы-Қызыларай» қорық-мұражайын ұйымдастыру шараларының үлкен маңызы бар.
Беғазы қорымы орналасқан өлке әсем табиғаты, өзен алқабындағы шұрайлы-шүйгін жайылымдарымен көне дәуірде жанға жайлы мекен болуына байланысты адамдар назарына ерте уақыттан бері ілінген.
Беғазы зиратын алғашқы зерттеушілерінің бірі академик Ә.Х. Марғұлан өзінің аталмыш зиратқа қатысты бастапқы ғылыми еңбектерінде бұл зираттың жазба деректерде 1829 жылы хорунжий Потаниннің естеліктерінде кездесетінін айтады. Орыс өкілдерінің Ташкентке дейінгі жолда жолсерік қызметін атқарған хорунжий Потанин, Беғазы тауының баурайындағы Беғазы-бұлақ суының маңында тастары жерге қырымен қазылып орнатылған төртбұрышты қоршаулардың бар екендігін айтып кеткен [Кызласов Л. Р., Маргулан А. Х., 1950, с. 127]. Сонымен қатар, кейіннен бұл зират туралы И. А. Кастанье, В. Никитин, Н. Коншин өздерінің еңбектерінде атап өтеді Беғазы зиратындағы зерттеу жұмыстар тек 2003 жылы ғана жалғасын тапты (1-сур.). Жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып осы жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқарамасы тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында «Беғазы зиратындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты арнаулы жоба қабылданған болатын.....
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік.Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет.Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: ....