Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің Татьянаға жазған хаты)
Ескі жара білтелеу.
Ақ жүрегің енді ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай медеу? .....
Тақпақ: Ананы мен жақсы көремін!
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Өлең: Абай Құнанбаев (Көкбайға)
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады, .....
Қазақша Фильм: 25 шақырым (2 маусым 3 бөлім)
Өлең: Қош бол! Сен кереметсің!
Өлең: Абай Құнанбаев (Жол көрмек жоба білмек жиһан кезбек)
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп, .....
Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Төрт жағымнан сені ғана көремін...)
Көремін де ұмытамын сор елін.
Саясына жұрт тығылған терегім,
Қысқа күнде қырық құбылған керегім...
Мына күнде сүйер мендей кімді кім?
Сендей жарық ете....
Сабақ жоспары (ұмж): Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интепретациялау үшін туындыларын пайдалану
7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Сабақ мақсаттары: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» мақаласының маңыздылығын анықтау......
Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті
Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.
Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.