Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (3)

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынын, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ.......


KZ
Толық
1 0

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (7)

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе........


KZ
Толық
0 0

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (39)

Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез.....


KZ
Толық
92 -51

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (21)

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы.....


KZ
Толық
81,5 -46,5

Қазақша Махаббат хикаясы: Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім

Қазақша Махаббат хикаялары жинағы: Ешқашан да мұндай сұмдықты басымнан кешпеген едім Махаббат хикаясы туралы қыз оқиғасы, Махаббат хикаясы туралы қыз хикаясы, Махаббат хикая жинағы, Қазақша Махаббат оқиға, Казакша махаббат хикаяБұл оқиға менің ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарымда орын алды. Он бірінші сынып оқып жүріп бір жігітпен таныстым. Басында жай ғана жүре берем деп ойлаған едім, кейіннен қатты бауыр басып кеттім. Екеуіміз талай күндерді бірге өткізіп бақыттан басымыз айналғандай болды. Енді міне мектеппен қоштасар сәт те келді, аман есен мектебімізді бітіріп, екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Ол Өскеменде оқуға қаламын деді, ал мен Семейдегі Медицина Университетіне түстім. Ол маған апта сайын келіп тұрды, екеуміз күнде хабарласып, агенттен сөйлесіп тұрдық. Мен оның маған деген сезіміне еш күдіктенген жоқпын. ОЛ мені ешқашан тастамайды деп ойладым, себебі екеуміз жақын қатынаста болдық, және үйлену тойымызды да белгілеп қойған болатынбыз. Ал бірақ мен екінші курс оқып жүргенде жаман оқиға болды.
Мен аяғым ауыр болғанын екі ай болғанда білдім, қуанышымда шек болмады себебі өзім жанымнан да артық жақсы көретін адамымнан жүкті болған едім. Жігітіме айттым, ол да риза болғандай болды. Бірақ сол күнгі телефон қоңырауынан кейін менің өмірімнің астаң кестеңі шықты.....
Махаббат хикаялары
Толық
207,5 -112,5