Аспан астын, жер үстін алай-дүлей етіп, жан-жағыма нұр шашып, найзағайдың жарқылынан көңілшең бұлттардың өзі жылап hәм қуанып отырған шақта “Адам” атауы жаратылды және сол кезден бастап “Ғажайып әлем” деген әлі бітпеген
шығарма жазылуда. Ол шығарманың кейіпкерлерінің ішінде сен де, мен де бармын. Жерді, елді жаратқан Тәңірі қандай шебер еді!? Дегенмен,
өмір мен адам арасында әлі күнге дейін байланыс орнамаған. “Адам” өзі сияқты басқа да тіршіліктегі жаратылыстармен байланысқа түсе алды. Бірақ, өмірмен емес. Не үшін? Оның жауабы әр қилы.
Адам - ерекше жаратылыс. Қаншалықты саналы болғанымен, соншалықты ақымақ. Алланың өзі адамға саф алтыннан қымбат
өмір беріп тұрса да, адам әлемнен осы күнге дейін алтын іздеуден шаршаған емес. Міне, бір дәлелі осы. Бұл ақылдылық па, әлде ақымақтық па?
Ақылдылық десек, оның себебін анықтауға тырысып көрейік. Адам өмірге келгеннен елден өзгеше болуға, жайлы
өмір сүруге, жаңағы Алла берген алтындай өмірін жақсы өткізуге тырысады. Ал бұлай
өмір сүру үшін міндетті түрде жақсы жағдайды, әлемдегі алтындардың барлығын талап етеді. Ал адам сол үшін мансап, байлық іздейді. Бірақ көпшілігі адамнан наданға айналып жатады. Себебі, байлық көздің нұрына, терінің суына енгеннен кейін бойдан адамгершілік қасиет кетеді. Себебі, өзімізге өзіміз қаншалықты жақындай түссек, өмірден соншалықты алыстайтынымыз бар. Ал, бұл - ақымақтық. Сонда
өмір дегеніміз не дейсіз бе? .....