Шығарма: Естен кетпес мәңгілік

1941 жылы 22 маусымда фашисттік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Германияның билеушілері КСРО–ны көп ұлттың өкілдері бұлар тұрақсыз, бірлігі жоқ ел деп білді. «Ғылыми-зерттеу институты» деп аталған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірлеген екен. Орта Азия мен Қазақстанды Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру белгіленген. Гитлершілдердің басты мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халықты құлдықта ұстап дүниежүзіне үстемдік орнату болған. Мұның барлығын алдын-ала терең ойластырып фашист идеологтары кеңес адамдарын аяусыз қинап – өлтірудің кең көлемді бағдарламасын жасаған. Бірақта КСРО азаматтары бұл жоспарды жүзеге асырмады. Зұлымдық ойдың тас-талқаны шықты.
Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бүкіл елдің адамдары міндетті әскери даярлықтан өткен. Майданға Қызыл Армия қатарына 1200000 жуық қазақстандық аттанды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еріктерімен жазыла бастады. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік рух өшпес даңқ

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілікке желбіресін жеңіс туы

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәнгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын.
Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік алау әрдайым!

Жау кеп қалды қаңға ділгір
Жапан түзде жортқан аңдай!
Кернеп кетті салдыр – күлдір
Кәрі дүние қақты таңдай.
Д.Әбілев
Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз:
Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік,
Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді,
Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Менің елім - мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Өлмейді ісі мәңгілік

Ұқсаттым өршіл тұлғаңды
Ақша қар жапқан шыңдарға.
Жүректен туған жырларды
Асқар тау-ата тыңдар ма.
Ә. Ысқақ
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз.
Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Рақымжанға

Ғасырмен ғасыр тоғысқан,

Тай-төбе киелі жер еді.

Киесінен нәр алған,

Тәрбиеленген бұл елі еді.


Асыл туған атадан,  

Айбыны күшті қаһарман. 

Рейхстаққа ту тігем деп, 

Ант беріп еліне аттанған.


Қазағымның рухын көтерген,

Халқы үшін туған азамат.

Рақымжан тіккен көк туы 

Ұрпақтарына  аманат.


Аманатын ақта ұландарым,

Намысы жоғары қырандарым.

Бүкіл әлем бас иген

Мәңгілік ел ұрандарың.


Рақымжандай ер туған,

Ел үміті ақталсын.

Мәңгі өшпей есімі,

Тарихында қазағымның сақталсын.


Бүгінгі күн,  Рақымжан,

Қазағымның туын тіккен күн.

Отпен, оқпен алысып,

Арманына жеткен күн.

Өлеңдер
Толық
1 0

Шығарма: Мәңгілік ел

Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда

Қазақстан...Қасиетті де құрметті атыңнан айналайын! Сендегі бар ғұмырым, маған қуаныш пен бақыт әкелді. Саған артар өкпем тіпті жоқ! Болмайды да. Каспийдің бұрқыраған толқынымен, дүр еткен баһадүр ерлерімен, сары даланың самалдай соққан өшпес тарихың мен сенің атын әлі шоқтығы биік жерлерден орын алатыны сөзсіз. Оған менің сенімім мол.

Бірақ ежелгі қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Толқындары тынық самалмен тербетіліп жататын, сол баяғы қарт Каспий. Қашан келсең де саған айтар аңызы, шежіресі таусылмайтын, жұмбақ сырларының шеті көрінбейтін, сол баяғы кең дала. Осы жерде: « Бұрынғы қазақ елі мен қазіргі қазақ елінің не айырмашылығы бар?»- деген сұрақ туындайды. «Баяғы жартас- сол жартас»- демекші, «Қандай өзгеріс бар?»- деген де сұрақ туады. Онда мен жауабымды айтайын. Қазіргі Қазақстан- жаңа болашаққа бастау алған дамыған мемлекеттердің бірі. Ол көркею үстіне көркеюде. Жапырағы жайқалып, гүлдей жайнап, тамырын терең бекітуде. Азияның жүрегінде орналасқан Қазақстан басқалардың қызыға да қуана да қарайтын еліне айналуда. Ол бұрынғы қазақ елінен өзінің тәуелсіздігімен, жаңа саясатымен және жаңа көзқарастарымен ерекшеленеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты.
Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар.
Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біз - мәңгілік ел балаларымыз

Балалық өтті білдің бе,

Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!

Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..

Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......
Шығармалар
Толық
0 0