Өмірбаян: Болатбек Баймаханов

Болатбек Бимендіұлы Баймаханов - медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ол 1962 жылы 3 қыркүйек күні Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Болатбек Бимендіұлы Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Ал 2006 жылы Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.
1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері;
1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері;....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Венера Нығматулина Ибрагимқызы (1962 жылы 10 тамыз)

Венера Ибрагимқызы Нығматулина (1962 жылы 10 тамызда Алматыда туған) — танымал кино актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Кино өнері мамандығы бойынша Философия ғылымдарының докторы (2007 жылдан).
Венера Ибрагимқызы 1962 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Ибрагимов Махмұд Жүсіпұлы (1938 жылы туған), зейнеткер.
Анасы - Ибрагимова Жанат (1938 жылы туған), зейнеткер.
1990 жылы Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетін "театр және кино режиссері" мамандығы бойынша бітірген.
Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2002 жылдан «Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры әрі («Звезды Шакена») Алматы халықаралық кино байқауының бас директоры.
2000 - 2002 жылдары Қазақстан Кинематографистер одағының вице-президенті.
КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1987 жылдан).
2003 жылдан ҚР-да кино өнімін іріктеу және шығару жөніндегі сараптамалық-өндірістік комиссияның мүшесі.
2003 жылдан ҚР Спорт және туризм агенттігтері мен Халықаралық спорт ойындары шектерінде ұйымдастырылған спорт жайлы фильмдер байқауы қазылар алқасының төрайымы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақжол Мейірбеков Нұсқабекұлы (1950 жылы 7 шілде)

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында туған) — Дос-Мұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет орденінің иегері (2011). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2005).
Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Нұсқабек.
Анасы - Айша.
Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.
Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген.
Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном).
Еңбек жолы....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ернұр Рысмағамбетов

Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.

ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.

Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Альмира Жилқашинова

Альмира Жилқашинова - физик, өнертапқыш

Жас физик 40 градус аязда энергияны өндіретін жел генераторын ойлап тапты. Инновациялық дамудың арқасында Альмира Жилқашинова «Шапағат-2015» республикалық өнертапқыштар байқауын жеңіп алды.

Альмира ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасының Энергияны үнемдеу және альтернативті энергетика зертханасының меңгерушісі болып табылатын жел генераторы қазақстандық инновациялар тізіліміне енгізілген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)

Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер.
Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген.
Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен.
Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары:
• көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
• көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

Кіріспе
Бухалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай- ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес" деген болса оның әріптесі Р.А. Фаулки есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы - деп атаған. Бұхгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0