Өмірбаян: Жігіттер тобы

"Жігіттер" тобы — 2003 жылы Шымкент қаласында төрт жігіттен құралған квартет.
Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған "Ерке қыз" әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында екі үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр..........
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Өмірбаян: Есенқұл Жақыпбеков (1954 жылы 10 ақпан)

Есенқұл Жақыпбеков 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген.
1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында қызмет істей бастады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өнер мектебінде айтыс ақындарына дәріс береді. Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесі поэзия секторының меңгерушісі, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің Бас редакторы болып қызмет атқарған......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Біржан сал Қожағұлұлы (1834 — 1897)

Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Біржан сал ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.

Өмірбаяны
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.[1]

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Олжас Абай (“Ochooou”)

Олжас Абай Алматы облысы, Ескелді ауданында дүниеге келген. Ол Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы спорт мектебін, кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Олжасты көпшілік “Ochooou” деп таниды. Бұл әртістің сахна үшін арнайы таңдап алған псевдонимі емес. Оны әкесі бала күнінде осылай еркелеткен екен. Әкесі қойған атпен сахнаға шыққан әртіс бір жағынан осындай өзгеше лақап атымен ерекшеленгенді жөн көріпті.
Шындығында, Олжастың сахналық есімі ғана емес, репертуарындағы әндері де ерекше. Әсіресе, оның 2016 жылы бейнебаяны түсірілген “Бомба” әнін айрықша атап өтуге болады. Бұл әннің өзі де, бейнебаяны да тыңдарман тарапынан жылы қабылданып, “Гәкку” арнасында миллионнан астам қаралым жинады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғани Құлжанов Әбдуәлиұлы (1965 жылы 20 қыркүйек)

Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998).
Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген.
1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды.
2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды.
2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды.
2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды.
Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әлия Әнуарбек (1993 жылы 30 сәуір)

Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.

Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.
– Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады.
Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады.
Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Сайлау Қамиев Ғалымжанұлы (1976 жылы 17 маусым)

Сайлау Ғалымжанұлы Қамиев (1976 жылы 17 маусымда Атырауда туған) — театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері әрі қоюшы - режиссері.
Сайлау Ғалымжанұлы 1976 жылы 17 маусымда Атырауда дүниеге келген.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бекарыс Шойбеков (1976 жылы 14 сәуір)

Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын. Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері . Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы оқуын тәмәмдайды. Еңбек жолын 1999-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінде аударма орталығында аудармашы болып бастайды. 2003-2006 жылдары Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығына тағайындалады. 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері болса, 2009-2015 жылдары «Өнер мектебі» МКҚК-ның директоры болып қызмет етті. 2015 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің басшылығында. Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын. Бекарыс Ақсақалұлы 2001 жылы ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «ҚР Тәуелсідігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен, 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Отырар ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0