Ұлттық валютамыз келешекте ішкі нарықта толық үстемдікке ие болады. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі іссапары барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген Шепті бұзар ер керек......
Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі. .....
«Жасырынбақ» ойыны әдетте жаздыгүні, ай жарығында шөптесін алаңдарда, ал күндіз қорақопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.
Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін белгілейді. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгірулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бірінші көрген бетте-аң «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.
Саусақ санау әдісі ойында былай жүргізіледі: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, уш» дегенде, бәрі саусақ көрсетеді. Біреуі —5, біреуі —10, біреуі —2, тағысын тағы, көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейін саусақты ең аз берген, не ең көп берген ойыншыдан бастап айналдыра, айталың 47-ге дейін санай береді. 47-ші сан кімге түссе, сол іздеуші болады. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейді .....
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. Өмірбаяны Отбасы 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек....
Нұрлан Қоянбаев (1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген) - КВН жұлдызы, продюсер, тележүргізуші. Бүгінде Нұрлан отандық және шетелдік өнер жұлдыздары, белгілі тұлғалар қатысатын «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізеді. "Қазақстан" РТРК бас продюсері боп қызмет атқарады. Білімі орта: Шиелі орта мектебі (1986-1996), үздік аттестат Жоғары: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1996-2000), тарих факультеті. Экономика және құқық академиясы (2009-2011), қаржы және кредит факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2012-2015), халықаралық қатынастар факультеті, магистрант. Кинода: «Қазақша кәсіп» (2017) – Бас продюсер, сценарист, актер - Жомарт; «Таиландтағы демалыс» (2017) – Бас продюсер, сценарист, актер....
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.
Тақыр алаңда ойналатын жас өспірімдер ойынының бірі — «Шүлдік» ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) керек. «Шүлдікті» ойнау үшін үлкен шеңбер сызылады, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішіне емес, үстінде жатуы керек. Әр ойыншының қолында ұзындығы бір метрдей таяғы болуы керек. Ойынға қатынасушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылардың санына қарай екі топқа бөлінеді.
Бірінші болып кезек алған топтың ойыншысы «шүлдікті» қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші болып кезек алған ойыншы шүлдікті түскен жерінен алып, қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп, шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе......
Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.
Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң .....