Қазақ қыздарын жалаңаш кейіпте көрсетуге құмар фотограф кім?

16 жасында ең дарында фотограф деп аталған, қыздардың жалаңаш тәнін түсіруге құмар Данияр Сәрсеевті бүгінде модельдік бизнесте жүрген кез келген өнер адамы біледі. Қазақ актрисаларының әйгілі журнал мұқабаларына арнап түскен суреттерінің көбін осы Данияр жүзеге асырған. Бүгінде 21 жастағы фотограф өзін осы саладағы маман ретінде көрсете білген. nur.kz порталы Данияр түсірген қазақ қыздарының суреттерін назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қайрат Нұртас өзінің Юрий Шатуновпен ұқсастығын тапты

Жетінші қыркүйекте оңтүстік астанада "Алматым – іңкәрім менің" музыкалық ретро фестивалі өтеді. Кеште өнер көрсеткелі жатқан әнші Қайрат Нұртас Юрий Шатуновтың "Седая ночь" әнін шырқайтынын айтты.
Жаңалықтар
Толық
13 -7

"Жігіттердің" сүр бойдағы Мырзахан үйленді

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды.

"Жігіттер" тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды. Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруды қолына қондырды. Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды.

Топтағы әнші жігіттердің айтуынша, Мырзахан үлкен тосын-сый жасаған. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтпаған көрінеді.

Ендеше, бізде өз тарапымыздан өнер иесіне шаңырағыңыз шаттыққа толсын деген тілек білдіреміз.

Жаңалықтар
Толық
12 -6

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған

"Құрметті менің тыңдармандарым, достар! Орын алған оқиға барлығымыз үшін жағымсыз болды", деді Қайрат Нұртас Алматыдағы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің дамып жатқан елімізде осындай оқиғаның қалайша орын алғанын әлі де түсіне алмаудамыз. Ол жақта адамдар өте көп болатын, сондықтан ақыры осындай болды. Барлығын сабырлық сақтауға, мұндай қылық көрсетпеуге шақырамын. Бізді батыс бақылап отыр емес пе? Барлығын ақылға салып шешейік", – деді әнші жастарға.

"Бұл менің шығармашылық кешім, концертім емес болатын. Мені караоке-баттлдың марапаттау салтанатында ән айту үшін шақырды. Мен кеткен жоқпын. Ол жақта көлік те көп болатын. Көлікті қою үшін 20 минут жоғалттым. Зорға дегенде сахнаға шығып, ән орындай бастадым. Бірақ адамдар арасында сығылыс басталып, менің ән айтуды тоқтатуыма тура келді. Ұйымдастырушылар менің қауіпсіздігімді қамтамасыз ете алмайтындарын.......

Жаңалықтар
Толық
3 -2