Реферат: Тарих | Қаңлы мемлекеті мәдениеті

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениет | Әлеуметтік таным белгісі

“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Беғазы Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы

Бұл ескерткіштің ашылуы Қазақстанның ғана емес, жалпы далалық Еуразияның археология тарихындағы қола дәуірінің жәдігерлерін зерттеу ісінде жаңа белестердің бірі болды. Бұл мақала Беғазы қорымы мен оның төңірегінде кейінгі жылдары жүргізілген ізденістердің барысын баяндауға арналған. Бүгінгі таңда қорымда жүргізіліп отырған ғылыми тұрғыдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Беғазы-Қызыларай» қорық-мұражайын ұйымдастыру шараларының үлкен маңызы бар.

Беғазы қорымы орналасқан өлке әсем табиғаты, өзен алқабындағы шұрайлы-шүйгін жайылымдарымен көне дәуірде жанға жайлы мекен болуына байланысты адамдар назарына ерте уақыттан бері ілінген.

Беғазы зиратын алғашқы зерттеушілерінің бірі академик Ә.Х. Марғұлан өзінің аталмыш зиратқа қатысты бастапқы ғылыми еңбектерінде бұл зираттың жазба деректерде 1829 жылы хорунжий Потаниннің естеліктерінде кездесетінін айтады. Орыс өкілдерінің Ташкентке дейінгі жолда жолсерік қызметін атқарған хорунжий Потанин, Беғазы тауының баурайындағы Беғазы-бұлақ суының маңында тастары жерге қырымен қазылып орнатылған төртбұрышты қоршаулардың бар екендігін айтып кеткен [Кызласов Л. Р., Маргулан А. Х., 1950, с. 127]. Сонымен қатар, кейіннен бұл зират туралы И. А. Кастанье, В. Никитин, Н. Коншин өздерінің еңбектерінде атап өтеді
Беғазы зиратындағы зерттеу жұмыстар тек 2003 жылы ғана жалғасын тапты (1-сур.). Жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып осы жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқарамасы тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында «Беғазы зиратындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты арнаулы жоба қабылданған болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Мәдениет және Өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік.Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет.Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет
Сабақ тақырыбы: Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.1 Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттау
10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру
10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау
Сабақ мақсаты: Қазіргі таңдағы мемкелеттің мәдени дамуында жаһанданудың әсерін талдау, Ұлттық кодты сақтау жолында зерттеу жұмысын жүргізіп, өз идеясын ұсыну.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі

Диплом жұмысымның тақырыбы: Мектеп оқушыларына дене
мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мәдениет | Білім берудің демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі оқушының өз әрекетінің иесі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
“Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті

Біздің заманымызға дейнгі 500 – 449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып, елді қулдыққа салды. Қатерлі булт Афина қала – мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грек қалаларының одағың күрды, ортақ жауға бірігіп қүресуге жұмылдырды.
Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздіғің қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының қүшті теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мемлекет кірді. Бірте – бірте осы тен праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Сонында олардың біріне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін – еркін биледі.
Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің түсында/ б.з.д. 444-429 жылдар/ өзінің ғүлденуің бастан өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын – жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.
Осындай қүшті Грек мемлекеті түсындағы өміріне келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды. Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да осыдан.
Ежелгі дүние көлемінде Ежелгі Греция мәдениеті ерекше жоғары өркендеу дәрежесіне жетті. Онда жараталыстану, гуманитарлық және дәл ғылымдар өркендеді. Ежелгі Грецияда философияның негізгі бағыттары пайда болып дамыды, бейнелеу өнері, әдебиет және мәдениеттің басқада салалары тамаша табыстарға жетті. Грек тілі осы уақытқа дейін ғылыми терминологияда кенінен қолданылды. Бізде адам аттарының көпшілігі гректерден тараған. Көптеген мақалдар мен мәтелдер, ертегілердің сюжеттері ежелгі грек трагедиялары мен комедиялары дүние жүзі театрларының сахналарынан түспей келеді. Ежелгі Грецияның мәдени мұрасы ерекше мол дүние, оны зерттеу – ігілікті іс ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақ тақырыбы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Көшпелілердің қолданбалы өнері киіз үйдің құрылысын сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0