Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің жиынтығы.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «
құқық» термині бірнеше мағыныда қолданылады. Біріншіден «
құқық» ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда «
құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік
құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың
құқық тұлғаларына берілген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден, «
құқық» –
құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар:
1) Әлеуметтік нормалар
2) Техникалық нормалар
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құрамына айналады.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
•
құқық нормасы
• моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттық, парасаттылық, адамгершілік, т.б. қасиеттері.
• саяси нормалар
• эстетикалық нормалар
• қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
• әдет-ғұрып нормалары
• салт-дәстүр нормалары
• діни, имандылық, инабаттылық нормалары ....