Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ит пен мысықтың кератит ауруының емін жетілдіру

1.1 Такырыптын озектилиги мен практикалык маныздылыгы. Елимиздеги мал шаруашылыгын дамыту казирги куннин ен озекти шешимин таппай турган маселелердин бири болып келеди. Биздин елдин коздеген максаты алемнин дамыган 50 елдин катарына косылу. Ол ушин елимиздеги ауылшаруашылыгын дамыту, ол – жануарлардын сан басын кобейту және артурли жукпалы емес және жукпалы аурулардын алдын алып емдеу.
Кератит Казакстан аймагындагы шаруашылыктар мен әр турли кожалыктарда торт тулик мал және баска да жануарлар арасында кенинен таралган.
Зерттеулерге караганда касан кабыктын кабынуы барлык кабынумен сипатталатын коз аурулары ишинде кездесу жиилиги бойынша 16,7% - ды курап, конъюнктивиттен кейинги екинши орынды алады.
Коз малга кез келген жагдайда козгалу үшин, азыктану үшин, коргану үшин керек. Кози кем малды жеке күту кажет. Кейде ауыл шаруашылык малдарынын эпизоотиясы кездеседи, бүкил табын индетке ушырайды. Коп жагдайда коз ауруларынын диагнозы койылмай, койылса да емделмей, аса кунды малдар ет комбинатына тапсырылып, малдын саны жагынан, онимдиликти ондирудин томендеуинен шаруашылык зардап шегип калады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен.
Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дәні бүтін астық қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қайғырыпты:
– Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? – деп зар еңірепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ит пен мысық неге араз

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.
Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Мақта қыз бен мысық

Оқыту түрі: Көркем әдебиет
Апталық тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған.
Күн тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Сахналау.
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахнауларды үйрету. Балалардың ойлау қаблеттерін, қимылдарын дамыту. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Технология: «Дьенеш блогі»
Көрнекіліктер: Ертегілер кейіпкерлері: аю, қасқыр, түлкі, ата, әже, қыз, мысық, күшік, бауырсақ, қоян, ешкі, лақтар т.б.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекетері Балалардың іс-әрекетері
Ұйымдастыру
Қортынды
Күтілетін
нәтиже:
Білу керек:
Үйрену
Меңгеру: Музыка ойнап тұрады.
- Балалар, мына сиқырлы кілімге отырайықшы.
- Біз қайда келдік?
- Дұрыс.
- Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, сендер не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, біз алдымен күнмен амандасып, одан жылу алып, жылы тілектер қаратайық.
Армысың, ару күн!
Армысың, балалар!
Аспанымыз ашық болсын!
Денеміз сау болсын!
- Енді ертегілер елін аралайық.
- Кейіпкерлердің арасынан Ерден ата шығады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, сендер мені танисыңдар ма, мен ертегі айтатын Ерден аталарыңмын.
- Менің еліме қош келдіңдер!
- Менің елімде не істеп жүрсіндер?

- Жақсы.
- Онда мен сендерді сынап көрейін. Қандай ертегілерді біледі екенсіндер.
- Баяғыда шал мен кемпір өмір сүріпті.
- Шал көмекке кемпірін, қызын, итің, мысығын, тышқанды шақырыпты.
- Бұл қай ертегі?
- Ол орманда адасып қалыпты, бір үйге келеді, үйде ешкім жоқ. Үстелдің үстінде үш кеседе ботқа, және қасында үш орындық, үш төсек болады.
- Бұл қай ертегі?
- Сендер ертегіні жақсы біледі екенсіндер.
- Ал, мына ертегіні әндетіп айтам, қане тауып көріңдерші?
- Лақтарым, лақтарым мен сендердің аналарым. Есікті ешкімге ашпандар.

- Кіріп келіп өнерін көрсетеді.
- Тәрбиеші: Қане, балалар, біз де сиқыршымен бірге, бойымызды сергітіп, сергіту жасап алайық.
- Ерден атай, рахмет балалар, өркендерің өсін!
- Балалар енді біз Ерден атайға, балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап берейік.

Ерден ата, сиқыршы балаларға рахмет айтады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар ертегі кейіпкерлерін, ертегіні ажырата білу.
Сахнада ертегі кейіпкерлерін сондауды үйрену.
Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Балалар музыкалық әуенмен залға кіріп, кілемге отырады.
Ертегілер әлеміне.

Аю, қасқыр, түлкі, қыз, мысық, қоян, ешкі, лақтар т.б.

Сәлеметсіз бе, атай!
Иә, иә танимыз.
Біз ертегіні жақсы көреміз, саяхат жасап жүрміз.
«Шалқан» ертегісі балалар барлығы жауап берді.
«Маша мен үш аю» ертегісі.

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
Балалар ертегіні сахналайды......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мысықтын пайдасы

✅ Мысықты жақсы көретін жандар мысық асыраса, оның денсаулыққа пайдасы орасан екен. Егер үй жануарларына аллергияңыз болса, өзіңізді күштемеңіз.
✅ Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді.
✅ Мысық шаршағанды басып, күйзелістен арылуға көмектеседі.
✅ Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, үйдің атмосферасын тазартады. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді.
✅ Мысықтың мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың дыбысы жараның жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне әсер етеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Мысық үй жануары

Зерттеушілік жұмыстың мақсаты: Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
Тaқырыптың өзeктiлiгi: Бұл тақырыптың өзектілігі мысықтардың қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамдар мысықты сиқырлы жануар деп те есептеген. Мысыққа қатысты ырымдарда бар. Оның емдік қасиеті туралы да зерттелген және ашылмаған тұстары да баршылық. Сондықтанда бұл зерттеу жұмысым өз мысығымды бақылау арқылы мысықтардың сырларын ашуға бағытталған.
Жоба міндеттері:
- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы
мәлімет жинастыру.
- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару
Зерттеу объектісі: өзімнің «Нуна» атты мысығым......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ертегі: Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық
0 0