Тірліктің науаты аз да, Тұзы басым. Ішінде миллионның жүзі масыл. Жайлауда жатып алып, Құр бекерге Қалада тұрғандарға қызығасың. Қосылып техника дүрмегіне, Қырық жыл шаһарда өмір сүргеніме. Қаланың берер едім он хауызын Жайлаудың оймақтай-ақ бір көліне. Досыңның бұл сөзіне тақпа кінә. .....
Тауысып барлық амалды, Күрсініп ғалым дем алды. Мақалдың кебі сотталды, Эпостың көбі қамалды. Күресіп өлген хандармен, Хандарға жақын жандармен... Қалдық та бардық Бір ғана Қарақасқа атты Қамбармен! Сақалын сипап шалдарым, Колхозға берді малдарын. .....
Әлі есімде: Он үш-он төрт жастамын, Шиден үшкір жебе жасай бастадым. Жасыл талды иіп-иіп, Екі ұшын Тарамыспен тартып байлап тастадым. Таң қалдырып өнеріммен көргенді, Адырнасын керудейін кергем-ді. Атқанымды дәл тигіздім, Сөз бе екен .....
— Уа, халайық, халайық, Сөзге құлақ салайық! Кім жөнінде, не жайлы Әбден ұғып алайық! «Жау жүрекке өлермен Жан емеспін көнер мен. Жігіт болсын, шал болсын, Жеңіп алсын өнермен»,— Деп ақылды ханшамыз, Бас берсек те қаншамыз, Бір тіл қатпай ешкімге, Бәйік болдық баршамыз. Сертінде сол қалмақшы, Көпке салмақ салмақшы. Сөйлеткеннің ғана ол Сүйген жары болмақшы. Азаматты пішінді, Ақылы мол кішіңді........