Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақылды Тоқылдақ)

— Көк-ек,
Кө-кек,
Кө-кек!— деп,
Күні бойы секектеп,
Өзін өзі кекеткен
Не күтесің Көкектен!
Ақылы оның ауысқан!—
Деді суайт Сауысқан.
— Ұрлықпенен күнелткен,
Төңірегін түңілткен
Сауысқан да құс боп па,
Талтаңдаған қыстақта?!—
Деді Қарға,— От басын .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызыл күндер)

Тудың екен — қызыл бесік.
Өлдің екен — қызыл табыт.
Өзің біліп.
Өзің өсіп,
Біздің істі көзің дамыт.
Бұл өмірдің
Көктемдей бір
Болып кетпе қызығымен.
Қызыл тірлік шектелмейді
Галстуктың қызылымен. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің пірім)

Ойлануды бізден бұрын бастадың.
Ойынды да елден бұрын тастадың.
Сен алдымен қалқып алдың қаймағын,
Біз білімнің жеп жүргенде қаспағын.
Арман қуып,
Үміт күтсек алдан біз,
Ұлы ұстаздай сенен үлгі алғанбыз.
Сен тартты деп,
Ұстап қолға домбыра;
Сен салды деп,
Біз де сурет салғанбыз. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Тана (Тана мырза) Тілемісұлы

Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803-68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы. Т-ның әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Т. Мұрын еліне, Құнанбай өз еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Т. Лепсі аймағының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы


– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
***
С .....
Әңгімелер
Толық
0 0